- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Өмір заңдылықтары...
Өмір заңдылықтары
Хорнер жорамалы:
Тәжірибе істен шыққан жабдыққа пропорционалды түрде өседі.
Кан мен Орбен аксиомасы:
Егер басқа еш нәрсе көмектеспесе, нұсқауды оқыңыз!
Янг заңы:
Ұлы өнертабыстардың барлығы кездейсоқ табылады.
Мескимен заңы:
Жұмысты керегінше орындауға әрдайым уақыт жетпейді, бірақ оны қайта жасауға уақыт табылады.
Хлейд заңы:
Қиын мәселені шешуді жалқау қызметкерге табыстаңыз – ол анағұрлым оңай жолын табады.
Фингелдің сегізінші ережесі:
Командада жұмыс істеу өте маңызды. Ол кінәні басқа біреуге тағуға мүмкіндік береді.
Лерман тергеуі:
Сізге әрқашан не уақыт, не ақша жетпейтін болады.
Мэрфи ғылыми зерттеулерінің заңы:
Өз теорияңды қорғау мақсатында әрқашан көптеген зерттеулер жүргізуге болады.
Холт заңы:
Жұмыс істемейтін адамға бәрі оңай.
Дж. Б. Шоу заңы:
Қолынан келетіндер – жасайды. Қолынан келмейтіндер – оқиды.
Студенттердің қосымшасы: Ал кім оқи алмаса – оқуды үйренеді.
Зимергидің ерікті еңбегінің заңы:
Қажеті жоқ кезде, адамдар кез келген қиындықтағы жұмысты орындауға келіседі.
Этторенің бақылауы:
Көрші кезек әрқашан жылдамырақ жылжиды.
Джоунс мұражайлары мен зообақшаларының заңы:
Ең қызықты экспонатта аты жазылған тақта болмайды.
Левидің сегізінші заңы:
Бірде-бір талант детальдарға деген құштарлықтан өте алмайды.
Сегал заңы:
Бір ғана сағаты бар адам уақыттың қанша болғанын нақты біледі. Бірнеше сағаты бар адам еш нәрсеге сенімді емес.
Ричардтың өзара тәуелділік ережесі:
Ұзақ уақыт бойы сақтаған нәрсеңізді лақтырып тастауға болады. Алайда, лақтырған сәттен бастап, ол сізге қайта қажет бола бастайды.
Буп заңы:
Жоғалтқан затты әрқашан соңғы қалтадан табасың.
Табиғаттың дойырлық заңы:
Бутербродттың қай жағына май жағуды алдын ала біле алмайсың.
Шұжық принципі:
Шұжықты жақсы көретіндер мен заңды сыйлайтындар, олардың қалай жасалатынын көрмей-ақ қойғаны дұрыс.
Уотергейт принципі:
Үкіметтегі жемқорлық әрқашан өткен шақта хабарланады.
Харриссон жорамалы:
Әрбір әрекетке тең келетін қарсы сын бар.
Роджерс ережесі:
Жобаны сәтсіздікке ұшыраған жағдайда комиссия мүшелерінің ешқайсысына кінә таға алмайтын етіп қана қабылдайды, бірақ ол табысқа кенелсе, бәрі мадақтауға үміткер бола алады.
Дрю заңы:
Ең аз төлеген, ең көп шағымданады.
Жобаны жүзеге асыру мерзімінің ережесі:
Жұмыстың алғашқы 90 пайызын 10 пайыз уақыт алады, ал соңғы 10 пайызына – қалған 90 пайыз уақыт кетеді.
Іздеу заңы:
Іздеу жұмыстарын ең қолайсыз жерден бастау қажет.
Марс ережесі:
Маман – біздің қалалық емес кез келген адам.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: faltustuff.com
Ж. FM