Өмір мен өлім жайында...

Өмір мен өлім жайында...

Назарларыңызға әлемге әйгілі адамдардың өмір мен өлім жайлы ойларын ұсынамыз. 


Коко Шанель: «Не ексең соны орасың – деп айтылатындай. Мәселен, адам беті: Сіздің 20 жастағы бетіңіз табиғатпен берілген, ал оның 50 жаста қандай болары – сізге байланысты».

Владимир Маяковский: «Түрлі өлімді жек көремін! Түрлі өмірді жақсы көремін!»

Виктор Пелевин: «Өлім» сөзі өмірде бізбен үздіксіз болып жататын нәрсенің түсіндірмесі емес пе? Өмір - құру болса, өлім – оның соңы емес пе?»

Стив Джобс: «Өлім Өмірдің ең жақсы өнертабысы іспетті. Ол – өзгерістің себебі. Ол ескіні құртып, жаңаға жол ашады».

Фредерик Бегбедер: «Өлім – сіздің органайзеріңізде жазылмаған жалғыз кездесу».

Мұхаммед Али: «Адамның шешесі өлгенде, ол қатты қиналады. Бірақ уақыт өте оған үйрене бастайды. Өмір де солай!»

Джим Керри: «Өміріміздің ең жақсы күндері сонымен қатар ең ауыр болып жататын кездер аз емес».

Адольф Гитлер: «Мен өмірді өлімге деген үлкен кезек деп санаймын. Кейде, сөзсіз, біреулер кезектен тыс кіріп жатады...»

Роберт Де Ниро: «Өмір мені «осылайша» немесе «дәл осылай» ешқашан ештеңе болмайтынын үйретті. Бұлай ешқашан ештеңе болмайды. Өмірде ешбір нәрсе сен жоспарлағандай болмайды...»

Дэвид Линч: 

« - Мистер Линч, «өмір» мен «өлім» деген не?

Адам жаңа көлігімен жолда кетіп бара жатыр. Жылдамдығы тұрақты, жылдам емес... Оған қозғалыс ұнайды. Ол өзінің көлігін де жақсы көреді, өйткені тек соның көмегімен ол кез келген жеріне оңай жете алады. Ол барлығына риза. Ауа райы мен жыл мезгілдері өзгереді, ал адам әлі жолда келе жатыр. Және ұзақ жүрген сайын, оның көлігі ескіре түседі. Ол тот басып, одан май ағып, «дворниктері» жұмыс істемей қалады. Ақырында көлік біржолата тоқтағанша біршама уақыт өтеді.

Ал содан кейін не болады?

Адам көліктен шығады».

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: wildberries.ru, zhlob.info, cnews.ru, spletnik.ru

Ж. FM