Оксфорд сөздігі бойынша 2017 жылдың негізгі сөзі анықталды. Ол youthquake сөзі. Аталған ұғым жастардың тікелей әсерінен орын алған мәдени, саяси және әлеуметтік өзгерістер деген мағына береді. Жалпы, ағылшын тілінде бұрын-соңды youthquake сөзі болмаған, ол youth (жастар) және earthquake (жер сілкінісі) сөздерінің бірігуі негізінде пайда болған. Онда, тура аудармасы жастар сілкінісі дегенге саяды. Алғаш рет бұл сөзді америкалық Vogue журналының редакторы Диана Вриланд 1965 жылы қолданған екен. Ол кездегі мақалада автор аталған сөзді жастардың музыка мен сәнге енгізген жаңалықтарын атап көрсеткен еді. Оксфорд сөздігі редакторларының айтуынша, бұл сөздің қолданылу жиілігі соңғы кездері 5 есе артқан көрінеді.