Әлемдегі ең үлкен агломерацияға ие Нью-Йорк қаласы АҚШ-тың солтүстік-шығысында орналасқан. Қала негізін голландиялық отарлаушылар қалайды. Сол себепті оның атауы алғашқыда Нью-Амстердам болған. Кейіннен қала билігі ағылшындар билігіне өтіп, Нью-Йорк атауына өзгереді. Назарларыңызға БҰҰ штаб-пәтері орналасқан қала туралы деректер топтамасын ұсынамыз.
• 1789 жылы Нью-Йорк АҚШ-тың алғашқы астанасы болған. Елдің бірінші президенті Джордж Вашингтон осы қалада халық алдында ант берген. Кейіннен астана Вашингтонның ұсынысымен оңтүстіктегі жаңа аймаққа ауыстырылады.
• Алып қалада биіктігі 167,5 метрге жететін бірде-бір айнасы жоқ ғимарат бар. Ол мобильді байланыспен айналысатын AT&T және Verizon компанияларына тиесілі.
• Манхэттен аралының жергілікті тұрғындары Делавар тайпасының үндістері болған. Олар 1926 жылы аралды еуропалықтарға сатып жібереді. Оның қазіргі бағадағы құны 1 000 АҚШ долларына тең.
• Нью-Йорк қаласында 2018 жылы әлемдегі тұңғыш жер асты саябағы ашылады.
• Нью-Йорк қаласындағы Орталық саябақтың айналасында хот-дог сататын дүңгіршек ашу үшін жылына 300 мың АҚШ доллары көлемінде салық төлеу керек.
• Қыста қала басшылығы темір жол желілерін мұз қаптамауы үшін отпен қыздырады.
• Делавар үндістерінің тілінде «Манхэттен» сөзі «жоталы арал» деген ұғымды береді. XX ғасырда қала сәулетін дамыту үшін жоталар тегістелген.
• Нью-Йорк – поляктар тұратын Варшавадан кейінгі ең үлкен қала.
• Үлкен қала тұрғындарының жартысы үйінде ағылшын тілінде сөйлеспейді.
• АҚШ территориясында 11 мың Walmart супермаркеті бар. Бірақ Нью-Йорк қаласында оның бірде-біреуі жоқ.
Жалғасы ...