Нобель сыйлығының мөлшері 20 %-ға кеміді

Нобель сыйлығының мөлшері 20 %-ға кеміді

Мұндай шешім Нобель қоры директорларының отырысында қабылданған. Азаю себебі экономикалық дағдарысқа байланысты. Қор басшылығының айтуынша, соңғы жылдардағы экономиканың ауыр жағдайы әсерінен Нобель комитеті қызметінің шығыны тым үлкен болған. 20 пайызға азайтуға жоспарланған Нобель сыйлығын 10 миллион швед кронасы құрайды (шамамен 1,4 миллион АҚШ доллары).

Айта кетсек, Нобель қоры 1900 жылы танымал өнертапқыш Альфред Нобельдің қатысуымен құрылған болатын. Құрушының өсиетіне сәйкес, Нобель сыйлығы үздік ғылыми зерттеулерге, өнертабыстарға немесе өнер мен қоғамның дамуына үлес қосқаны үшін тағайындалады. Алғашында қор мөлшері 31 миллион швед кронасын құраған еді. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: albl.ru

Ж. FM