- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ноам Хомский: «Тіл...
Ноам Хомский: «Тіл де құлақ пен көз секілді дүниені танудың бір құралы»
Адамға тіл табиғаттан, яғни туылғаннан бастап берілген бе? Әлде коммуникацияның бір түрі ретінде келе пайда болды ма? Адам баласында "тілдің гені" бар ма? Осы турасында ең танымал лингвист, АҚШ-тағы Мит университетінің оқытушысы Ноам Хомскиий тілді өз алдына жеке пән ретінде қарастырып, өз алдына ғылыми тұрғыда зерттеу керек деп жар салды.
50 жыл бұрын ең таңдаулы философтар мен психологтер тіл туралы жаңсақ пікірге келген болатын. Олар тілді артикуляциялық аппараттың арқасында коммуникация үшін кездейсоқ пайда болған әдіс ретінде қарастырған. Басқаша айтқанда, адам қажеттілік үшін тілді ойлап тапқан деген. 50 жыл бұрынғы пікір осындай болатын.
"Бактериялар да сөйлесе ала ма?"
Бұның айқын көрінісін - Max Planck жоғары оқу орнының оқытушысы Ника Энфилдтің Science Magazine журналына берген сұхбатынан яки суреттерінен көреміз. Онда ол тілді мүлде жоққа шығарып, суретте тұрған бүлдіршіндердің жақсы қарым-қатынас ұстап тұрғанын алға тартады. Суреттің аты: "Синтаксиссіз коммуникация". Бұл идея көпшіліктің қызығушылығын тудырдырғаны айтпасақ та, белгілі.
"First Verbs" кітабының авторы Майкл Томаселло өзінің екі жастағы қызының сөйлеу мәдениеті когнитивтік лингвистиканың аппараттарының арқасында шықты дегенге бек сенімді. Және адам грамматикасын етістікке құрылған деген қорытынды шығарды.
Бұдан басқа да тілді жоққа шығаратын дәлелдер баршылық. Майкл Томаселло өзінің балалар жайлы кітабында лингвистикалық ережелердің жоқтығын айтады. Ол қарым-қатынас үшін қолданылатын әртүрлі символдар мен лингвистикалық конструкцияның реестрлері бар деп ойлайды. Аталған реестр элементтерді жинақтайды: сөз, идиома, сөйлем. Бұның бәрі басымдылық пен схематизацияның арқасында орындалады екен. Алайда, бұл жағдайда көп нәрсе түсініксіз болмақ. Түсініксіз, кіп-кішкентай бала "Қалайсың?" дегеннің " Жағдайың қалай?" деген сөз екенін қалай білмек?
Анығы, бар дүниені ескермей тұрып, тілдің генде бар екенін білу қиынға соғады. Ескерер болсақ, тіл де құлақ пен көз секілді дүниені танудың бір әдісі болса, онда қызықты жайттарға қанығарымыз анық.
Суреттер: theoryandpractice.ru
Л. Лига