Мысырдан тағы бір жаңа пирамида табылды

Мысырдан тағы бір жаңа пирамида табылды

Бельгиялық зерттеушілер Мысырдың оңтүстік өңірінен перғауындардың XIX билік құру әулетіне жататын тағы да бір жаңа пирамида тауып алды. 

Перғауындар дәуіріне жататын ескі олжаны Брюссель мен Гент университеттерінің екі археологы Луксордағы Шейх Абд эль-Кур обасына қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде кездейсоқ тауып алған екен. 

Зерттеушілердің тұжырымы бойынша, бұл жерде біздің дәуірімізге дейін 1279 - 1213 жылдары өмір сүрген Рамзес екіншінің Кай есімді уәзірі жерленуі мүмкін. 

Мысыр билігі қазірдің өзінде табылған жаңалықты ресми түрде растап үлгерді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: pharaonsage.ru 

Б. Қосмағамбет