Халық даналығында мүшел жас деген ұғым бар. Бұл ұғым түркі тілдес халықтар мен Орта Азия халықтарының көпшілігінде кедеседі. Әр мүшелден өткен сайын адам баласы есейіп, бүкіл бір елді басқара алатындай шамада болған соң, оған келер қауіп те көбейсе керек. Өйткені, мүшел жастың да өз алдына қауіптері бар. Ендеше, мүшел жасты былай жіктеуге болады.
13 жас – ер жете бастау;
25 жас – жігіттік шақтың нақ өзі;
37 жас – ақырын басып, анық жүріп, ақыл тоқтатқан кезең;
49 жас – орта жас ;
61 жас – өз балаңнан тәтті болатын немере сүю;
73 жас – қарттықтың басы болар;
85 жас – кәріліктің келгені;
97 жас – қалжырап, ештеңеге жараусыз қалғаның;
109 жас – шөпшек сүю;
121-ге жетсең, онда неменеңде қасында дей бер. Астрономия ғылымының айтуы бойынша, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады екен. Сонда адамның мүшел жасы да әрбір он екі жыл сайын кіріп отырады. Мұнда да бір байланыстың бары анық. Бір жылда 12 ай бар. Бұрындары осы мүшелден өткендер той жасап жататын. Ырым ретінде мүшелден шыққан соң өзінің ең ұнамды дейтін киімін жоқ-жітікке, иә болмаса ағайын-туыстың біріне сыйға береді.
Әр адамның өз пешенесі жазылғанын білсек, онда адам баласы үшін 37 жас ең қауіпті мүшел жас болып саналады. Себеп те бар?! Нағыз кемелденген кезеңде сырт көздің сұғы дегендей, адам баласы от пен жалынның ортасында ғұмыр кешіп жүреді. Алайда, оған дейін де 13 саны қауіпті болып табылады. Тарихқа көз жүгіртсек. Арыға бармай, XX ғасырдың бірінші 13 жылдығына, яғни бірінші мүшелінен бастап тізбектеп көрейік. Сол бір бір 1913 жылы қазақ халқы үшін де аса ауыр кезеңнің басталған шағы болды. Осы жылдары Ресейдің құрамындағы халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлықтар шығарылды. Ақ патшаның бұндай арам пиғылына көнгісі келмегендіктен, қазақ елінің әр түкпірінде бас көтерулер, қақтығыс-ұрыстар бой көрсете бастады...
Суреттер fisnyak.ru сайтынан алынған