- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Миллионерлердің бізге айтпайтын...
Миллионерлердің бізге айтпайтын құпиялары
Байлар қалай өмір сүреді? Осы жайлы ойласақ болды, олардан артық бақытты жан жоқ сияқты боп көрінеді. Шын мәнінде солай ма? Жақында ғана психологтар байлардың бар шындығын білуге мүмкіндік алды. Сөйтсек, оларға да өмір сүру оңайға соқпайды екен. Тіпті, өз өміріміз жақсы болып көрініп кетті...
Ендеше, байлар бізден нені жасырады? Ешқашан тіс жармайтын құпиялары бар ма?
«Сіздер мені бай деп ойлайсыздар, шын мәнінде түк те олай емес».
Олар тапқан миллиондар бізге көп болып көрінері сөзсіз... Сауалнама барысында миллионерлердің 8 пайызы ғана өздерінің бай екендіктерін айтқан. Ал қалған байлар тапқан ақшаларының салыққа, атақтарын ұстап тұруға, тағысын басқа толып жатқан дүниелерге кететінін айтып, өздерін кедейлердің қатарына жатқызған.
«Қарапайым дүкеннен зат аламын».
Байлардың барлығы дерлік ақшаны қалай үнемдеу керектігін жақсы біледі. Психологтар мұны байлардың да кезінде қарапайым адам болғанынан дейді. Содан қалған сынық деп қарастырады. Мысалы, 80 пайызы әдемі киімдерді қарапайым дүкендерден сатып алады.
«Өзімнің жеке швейцарым бар»
Олар мейрамханаға тапсырыс бере алмайды. Бәрін атқаратын швейцар бар...
Аталған азаматтар қай жерге кезексіз кіруге болатынын, қай жерде сирек кездесетін дәрілердің сатылатынын және жақсы дәрігердің алдына алып бару секілді міндеттерді атқарады.
"Мектепті үш пен төртке оқығам"
Байлардың барлығы дерлік кезінде мектепте жақсы оқымаған. Мектептегі баға адамның мүмкіндіктерін айқындап бере алмайды екен.
Байлар қымбат заттар мен дүниелерді арзан ақшаға жалға алады. Келесі жылы сәннен шығатын сөмкені қымбатқа алып несі бар?!
"Сен көршің секілді, ал мен трамп секілді бай болғым келеді"
Байлардың 40 пайызға жуығы зейнетке шыққан соң кіріс көзін азайтып алам ба деп қорқады. Және кіріс көзін көбейтуге бар күштерін салып өтеді...