Миллиардердің 11 фантастикалық жобасы

«PayPal» электрондық ақша жүйесін жасауға зор үлес қосқан «Tesla Motors» компаниясының негізін қалаушы оңтүстік-африкалық кәсіпкер Элон Маск таяуда «Гиперпетля» атты құбыр түріндегі жоғары жылдамдықтағы транспорт жүйесін құрылымдаудың жобасын ұсынды. 

Аталған жүйе жолаушыларды Сан-Францискодан Лос-Анджелеске 30 минут ішінде жеткізе алатын болып отыр. Футуристикалық жобаға тағылған сынның да қатары аз емес және жобаны қолға алуға мүмкіндік берілген күннің өзінде жергілікті үкіметтің қарсылығына ұшырауы ықтимал.

* * *

Мультимиллиардерлер де кейде армандап тұрғанды қалайды. Назарларыңызға қалталы жандардың өзге де таңғаларлық жобаларын ұсынамыз.

SpaceX

Илон Масктың «SpaceX» атты жеке компаниясы ғарыштық зымырандарды жобалап, жасап, ұшыруға арналған. Компанияның алға қойған бірінші  мақсаты - адамдарға өзге ғаламшарларда өмір сүруге мүмкіндік беру. 

«SpaceX» 2012 жылы бірінші рет өз ғарыштық кемелерін Халықаралық ғарыш станцияның жұмысымен үйлестірген алғашқы жеке компания атанды.

Су асты тереңдігіндегі батискаф

«Титаник» пен «Аватардың» режиссері Джеймс Кэмерон су асты тереңдігіне арналған аппарат жасап шығарып, мұхиттың ең терең түкпірлерін тануда пайдаланып көрген. 2012 жылы ол аталған батискафпен Марианский ойысында болып қайтады.

Осы жылы ол өз өнертабысын Вудс Хоул атындағы Океанографикалық институтқа сыйға тартты.

SpaceShipOne

«Microsoft» компаниясының ортақ құрылтайшысы (соучредитель) Пол Аллен «SpaceShipOne» - cуборбиталды басқарылатын ғарыштық кемесін жасап шығарды. 2004 жылы «SpaceShipOne» екі апта ішінде ғарыштық кеңістікке борттағы адамдармен шыға алатын алғашқы ғарыштық кеме болып танылады. 

Су асты тереңдігіндегі Virgin Oceanic субмарина (сүңгуір қайық)

«Virgin Galactic» ғарыштық компаниясының негізін қалаушы, атқарушы директоры Ричард Брэнсон «Virgin Oceanic» сүңгуір қайығын өз бетімен басқаруды үйреніп, су тереңдігінде жұмыс жасай бастады.

Адам-аватар

Маусымда «New York Times» газеті ресейлік мультимиллионер Дмитрий Ицковтың үш миллион доллардай қаржы жұмсап үлгерген жаңа жобасы туралы жазды. Ол ми жұмысы мен адамдық ерекшеліктері сақталған саналық және өзіндік тұлғалы аватарларды жаппай өндіріске қоюды ойластырады. Теориялық тұрғыдан алғанда, мұндай құлтемірлер (роботтар) адам денесін ауыстыра алады, басқаша айтқанда, олардың көмегімен ажалсыздық сыйға келуі әбден мүмкін.

Марстағы демалыс күндері

НАСА-ның бұрынғы ғалымы, Wilshire Associates» инвестициялық компаниясының атқарушы директоры және ең біріші ғарыштық турист Деннис Тито осы жылдың ақпан айында жолы болған екі бақытты жанды 2018 жылы Марсқа демалысқа жіберуді ойластырып жатқандығын мәлім етті. 

Әлемдегі ең үлкен телескоп

«Intel» компаниясын құруға ат салысқан 84 жастағы Гордон Мур (құрметіне бір уақыттарда өзі ашқан заңына аты беріліпті) әлемдегі ең үлкен телескопты жасап шығарғысы келеді. Отыз метрлік құрылым ендігі жылы қимылсыз жатқан гавайлық Мауна-Кеа жанартауының биігіне салынбақ. Телескоп бүгін таңдағы аспаптармен салыстырғанда, үш есе нақтылы ақпар бермек әрі оның еңбек кеңістігі тоғыз есеге өспек. Күні бұрынғы есептеу бойынша, аталған құрылысқа 1,3 миллиард АҚШ доллары жұмсалмақ. 

Зерттеу кемесі 

«Google» компаниясының негізін қалаушы және директоры Эрик Шмидт мұхит институттарының бірімен бірлесе отырып, құны 94 миллион доллар тұратын «Фалькор» зерттеу кемесін таныстырды. Бүгінде оны "мұхит зерттеушілерінің арманы" деп те атайды. 

Астероидтарды өнеркәсіпте игеру

2012 жылы сәуірде астероидтарды өнеркәсіптік игеретін «Planetary Resources» компаниясы («Google»-ды құрушылар Лэри Пейдж пен Эрик Шмидтың және Джеймс Кэмеронның ықпалымен құрылған орталық) 2014 жылы Жерге жақын төңіректегі астероидтарды зерттеуге арналған алғашқы кіші ғарыштық телескоптарды жобалап отырғандарын мәлім етті. 

Сағаттар 10 мың жылға

Amazon.com сайтының негізін қалаушы Джефф Безос техастық таулардағы 10 мың жылға дейін жұмыс жасайтын сағат өндірісін жүзеге асыру үшін 42 миллион долларын салды. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: newrepublic.com