- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Менің ғылымдағы алғашқы...
Менің ғылымдағы алғашқы қадамдарым: ҚазҰУ студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті факультеті білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөледі. Оған студенттер, магистранттар мен докторанттар тартылған. Кафедраның барлық ғылыми жиыны осы процеске белсене араласады. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу процесімен қатар жүреді, оған қоса түрлі студенттік ғылыми-ұйымдар арқылы іске асады және бұл ұйымдар ғылыми жетекшілер мен студенттердің және ұстаздарының қызығушылық таныту принциптері бойынша құрастырылады.
Кафедрада ғылыми жетекшілері үздік кафедра өкілдері болып табылатын студенттер, магистранттар және докторанттардан құралған ғылыми бірлестіктер жұмыс жасайды. Осылайша Қазақстандағы орыс әдебиеті мәселелері бойынша өзінің магистранттар мен докторанттардан құралған тобымен бірге академик Б.У Жолдасбекова және профессор Ж.К. Салxанова, әдебиеттанудағы гендер мәселесі бойынша профессор У.К Абишева, лингвомәдениет бойынша профессор А.Б. Туманова және доцент Э.Р. Когай, орыс тілін оқыту әдістемесі бойынша профессор Р.Т. Касымова, дискурс-анализ мәселелері бойынша профессор Л.В. Екшембеева, мәтін және дискурс бойынша доцент Р.К. Сарсекеева, Олжас Сүлейменовтың поэтикасы бойынша доцент И.Т. Какильбаева жұмыс жасайды. Кафедра мұғалімдерінің осындай жұмыс түрі студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми жұмыстарында үнемі қозғаушы фактор болып табылады. Ғылыми жұмыстар нәтижелері жыл сайынғы ғылыми студенттік конференциялар мен жас ғалымдар конгресінде қорғалады.
Әлем тілдері мен орыс фиология кафедрасы ұйымдастырып жатқан ғылыми зерттеулер мен ғылыми конференцияға студенттер, магистранттар мен докторанттар белсенді ат салысуда.
Ғылыми студенттік өмірдегі маңызды оқиғалардың бірі еліміздің алдыңғы университеті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде әр жылдың сәуір айында өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың xалықаралық конференциясы болып табылады. Бұл конференцияда студенттер мен жас ғалымдар зерттеу нәтижелерін корсете алады.
Конференцияның басты мақсаттары мен міндеттері:
біріншіден, жас ғалымдар мен студенттерді оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу тұрғысынан ынталандыру;
екіншіден, студенттер мен жас ғалымдарды заманауи ғылыми мәселелерді шешу жұмыстарына тарту;
үшіншіден, неғұрлым талантты әрі дарынды студенттер мен жас ғалымдарды іріктеу, оларға қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашу;
төртіншіден, студенттер мен жас ғалымдардың интеллектуалдық потенциалының қалыптасуына ықпал ету.
Биыл «Фараби әлемі» конференциясының аясында филология және әлем тілдері факультетінде келесі секциялардың жұмысы қарастырылады:
1. қазақ тіл білімі: дәстүр және жаңашылдық;
2. ұлттық әдебиеттанудың проблемалары;
3. тіл білімі;
4. аудармашылық және шет елдік істер;
5. орыс әдебиетінің өзекті сұрақтары;
6. шет тілін үйрету тәсілдері және теориясы.
Когай Эльмира Радиковна
ф.ғ.к., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы доценті