Питер Фердинанд Друкер — XX ғасырда менеджмент теориясының негізін қалаған аты әлемге белгілі ғалым. Ол аустриялық тегі бар америкалық болған.
Питер Друкер 1909 жылы 19 қарашада туған. Оның балалық шағы Аустрияның астанасы Вена қаласында өтеді. Ал 1920-жылдары Германияға барып, Гамбург қаласында білім алады. Сосын оқуын Франкфуртта жалғастырады. 1937 жылы нацистік тәртіптен АҚШ-қа босқындармен бірге қашады. 1943 жылы АҚШ азаматтығын иемденіп, Нью-Йорк университетінде менеджмент саласы бойынша дәріс оқи бастайды.
Питер Друкер өз саласының нағыз маманы болған. Ол 1939 жылдан өмірінің соңына дейін 39 кітап жазып, The Wall Street Journal мен Harvard Business Review баспаларына жүздеген мақалалар дайындаған. Назарларыңызға өткен ғасырдың білікті ғалымының менеджмент саласы туралы қанатты сөздерін ұсынамыз.
***
Жетістікке жеткен кез келген өндірістік компания батыл шешімнен бастау алған.
***
Тәуекелге бас ұру көп мәселені шеше алғанымен, негізгі өзгерістерге демеу бола алмайды. Олар қайта шектеу болуы мүмкін.
***
Әрекетті дұрыс жасағаннан дұрыс іспен айналысқан абзал.
***
Болашақты болжау қауіпті, оны құру керек.
***
Өз уақытыңызды дұрыс бақылай алмасаңыз, өзгелерді де басқара алмайсыз.
***
Ұйымдастыру нәтижелі болу үшін билікті жауапкершілікке ауыстыру керек.
***
Жапондар орындалған жұмыс туралы есеп бермейді. Олар тек жұмыс істейді. Бұл – олардың жетістікке жету құпиясы.
***
Егер командада шешім қабылдайтын тұлға болмаса, ешқашан шешім қабылданбайды.
***
Басқарудың сапалы көрсеткіші – ерекше нәтиже көрсететін қарапайым адамдар.