- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Мемлекеттік тілдің латын...
Мемлекеттік тілдің латын графикасына біртіндеп ауысу мәселелері
Үстіміздегі жылдың 28 наурызында Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институтында осы институттың, Алматы қаласы білім беру басқармасының, Тілдерді дамыту басқармасының, Алматы қаласы ЖОО-лары ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тілдің латын графикасына біртіндеп ауысу мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шара Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының жалпы мәселелері бойынша директордың орынбасары А.А. Ермековтың модераторлығымен өтті. Дөңгелек үстелге Алматы қаласының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының өкілі Н.Р. Шаймерденов, Бостандық ауданының білім беру басшысы Қ.А. Абдиманапова, әл-Фараби атындағы Қазұу-дың оқытушы-профессорлары Д.А. Әлкебаева, Л. Т. Әлімтаева, К.Қ. Күркебаев, Г.Ш. Акимбекова, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті Б. Ихсан т.б. ғалымдар қатысты.
Бірінші кезекте сөз алған Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының өкілі Н.Р. Шаймерденов елбасының қазақ тілін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жоспарымен таныстыра отырып өткен жылы әліпбидің бекітілгенін, емле ережелерінің жобасы ұсынылғанын атап өтті. Бір апта бұрын ғана Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығында латын графикасына негізделген емле ережелерін меңгерту үшін барлық облыстардатренерлердайындау мақсатында 72 сағаттық курс ашылғандығын айтты. Бұл курста жаңа әліпби құрылымы, мазмұны орфографиялық және орфоэпиялық ережелер, шет тілден енген сөздер емлесі т.б. қоғамның латын негізді әліпбиді игерудегі қажеттіліктеріне сай жүргізілетіндігін айтты.
Профессор Д. Әлкебаева, доцент Б. Ихсан, доцент К. Күркебаевтар жаңа емле ережелерін игерудегі түйткілді мәселелерге тоқталып, әлі де жетілдіре түсуге бағытталған өз ұсыныс пікірлерін жеткізді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті Л. Әлімтаевақазақ тілін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жоспарына сәйкес орфографиялық жұмыс тобының 2019 жылғы іс-шаралары жоспары бойынша емле ережелерін насихаттауға арналған әдістемелік өнімдерді әзірлеу қолға алынғандығын, атап айтқанда, ЖОО студенттеріне арналған жаңа емле ережелерін игертуге арналған әдістемелік нұсқаулық; ресми-іс қағаздарының нұсқаулығы; жарнама мәтіндеріне қажетті емле нұсқаулығы; көпшілікке арналған емле ережелерін түсіндіретін қызықты анықтағыш; облыс, қала, аудан эргонимдердің, маңдайшалардың кирил-латын әліпбиіндегі параллель анықтамалықтары қамтылғандығын атап өтті.
Оқытушы-профессорларға Сот сараптамалары институты қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтардың дені латын графикасына негізделген жаңа емле ережелеріне қатысты болды.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
доценті, филол.ғ.к.
Л.Т. Әлімтаева
О. Сансызбай