- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Мектептен тыс ағылшын...
Мектептен тыс ағылшын тілін қайдан үйренуге болады?
Ағылшын тілі – бірнеше жылдан бері мектепте балалар үйренуі тиіс негізгі тілдердің бірі: заманауи «ағылшындық»-мұғалімдердің қатары артып, бала жастайынан «тіл білмесең, ілгері басу қиын» дегенді естіп келеді.
Бірақ, студенттер мен оқушылар арасында шет тілінің деңгейі әлі ақсап тұрғанын тек емтиханның нәтижесі емес, өмірдің өзі дәлелдеп жүргендей: видео-ойындардың аудармасы жоқ деп шағымданады, сериалдарды аудармасын іздейді, сүйікті әндерінің lyrics аудармасын қарайды.
Мектепте 8 жыл оқытатына қарамастан, ақсап тұрған дағдына дамыту үшін не істеуге болады? Мұны бала мен ата-ана бірлесе отырып шешуі тиіс. Таңдау оңай емес: бұл жерде экономикалық фактордың рөлі ерекше, уақыттың тығыздығы, кейбір оқыту тәсіліне күмәнмен қарау және мотивацияның жоқтығы. Соған қарамастан, мына жолдар арқылы балаға ағылшын тілін үйрете аласыз:
1. Репетитор
• Балаңыз бір нәрсені меңгерсін десеңіз, репетитор жалдаңыз.
• Репетиторлық нарық дамығанмен, арасында ата-ананы бас пайдасы үшін ғана қолданатын кәсіби емес мамандар да бар. Сондықтан абай болыңыз.
• Репетитордың кәсібилігін дәлелдейтін жалғыз айғақ – сабақ үшін төленетін жоғары ақы.
• Оқумен бірге қолайсыздық та туындайды: репетитор сіздің үйге келіп оқытатын болса, онда үйді жинап, балаға ыңғайлы орын табу керек. Ал, бала репетиторге барар болса, уақытыңыздың бір бөлігін жолға арнауға тура келеді.
2. Жазғы шетелдік лагерьлер
• Баланың бойындағы сөйлеу дағдысын дамыту үшін таптырмас таңдау.
• Бұл – тіл үйренудің негізі емес, уақытша. Бала лагерьде бірнеше апта немесе ай болады – бұл бар дағдыларды дамытуға септігін тигізеді. Бірақ, басқа уақытта балаға тәжірибе мен жеке оқу қажеттілігі туындайды.
• Лагерьге бару үшін уақыт әрі қаражат жағынан шығындалу керек.
3. Ағылшын тілін үйрететін жекеменшік мектептер
• Бұл жерде мұғалімнің кәсібилігі мен оқу бағдарламасына сенуге болады.
• Сабақтың барлығы – топтық.
• Қол жетімділік мәселесі: барлық мектеп үйіңіздің жанында орналаспаған. Сондықтан балаңызды алып кетіп немесе апарып тастауға уақыт табуыңыз керек.
• Оқу ақысын төлеу әркімнің қолынан келе бермейді.
4. Өз бетімен жұмыс
• Үнемдеудің ең тиімді тәсілі: жолға, мұғалімге, уақытқа шығындалмау.
• Дайындыққа ата-ана көбірек күш салуы тиіс: бақылап отыру барлығының қолынан келе бермейді.
• Бұл – мақсаты бар, өз бетімен жұмыстанып үйренген, ерік-жігері мықты балаларға арналған нұсқа. Ондай балалар сирек кездеседі.
5. Ағылшын тілін үйренуге арналған онлайн-платформалар
• Қаржылай тиімді.
• Баламен жеке жұмыс жасайды және көптеген платформалар оқушының қызығушылығына назар аударады.
• Бірақ, уақыт пен интернет мәселесін жан-жақты қарастыруды талап етеді.
Балаңызға бүгіннен бастап ағылшын тілін үйретіңіз. Өйткені, болашақта онымен жарысатын бәсекелестерінің қатары өсіп келеді. Сол кезде ол барлық жақтан басым түсуі тиіс.