- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Мектепке баратын робот...
Мектепке баратын робот
Уэст-Сенека қалашығының (АҚШ, Нью-Йорк штаты) «Уинчестер» мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасынан 120 сантиметрлік ақ роботты кездестіруге болады. Бұл техника Девон Кэрроу есімді оқушының уәкілі болып шықты. Ол өзінің денсаулық мәселесіне байланысты мектепке бара алмайды екен.
Осылайша, Кэрроу өз құрбы-құрдастарымен тілдесіп, сондай-ақ, сабаққа да қатыса алады. Бұл роботтың адам өмірін қаншалықты деңгейде жеңілдетінінің айқын дәлелі!
Аталған робот штаб-пәтері Нью-Гэмпшир штатының Нашуа қаласында орналасқан америкалық VGo Communications компаниясында жасалған.
Балалар роботты Девонның өзіндей қабылдайды екен. Кейбір мұғалімдер мен ата-аналардың күмәніне қарамастан олар үшін мұндай сыныптас әдеттегі нәрсе секілді болып қалған. Мектеп оқытушылары мен оқушы ата-аналары осындай бір техникалық жаңалыққа айтарлықтай салқын қарайды. «Уинчестерге» дейін Кэрроу жанұясы басқа оқу орындарына да барып көрген, алайда, мұғалімдер оқушымен робот арқылы жұмыс істеуді жөн көрмепті.
Девонның өзі әрқашан үйде отырады. Ол тағамдық аллергияның ауыр формасына шалдыққан. Оның салдарынан кішкене бала екі рет өлім аузында жатқан екен. Ең бастысы оған сүтті тағамдары, жержаңғақ, тіпті олардың иістертерінің өзі зиянды саналады.
Бала білім алудың мұндай түрінен қымсынбайды. Себебі, ол өз бетінше сабаққа мүлдем барып көрмеген екен. Күн сайын Кэрроудың анасы баласын емес, роботты мектепке әкелуге мәжбүр.
Девонның сыныптастары мұғалімнің сұрағына жауап берерде қолдарын көтерсе, өкінішке орай, робот мұндайды қайталауға бейімделмеген екен.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: supercoolpics.com
Ж. FM