Миллиардерлердің жоғары білімі жоқ екеніне бүгінде ешкім таң қалмайды. Билл Гейтс, Стив Джобс, Марк Цукерберг – бұлардың бәрі бизнес үшін әлемнің үздік университеттерін тастап кеткен. Дей тұрғанмен, қазіргі байлардың ішінде тіпті мектеп бітірмегендер де жеткілікті. Жасөспірім кезінде бірін кәсіпкерлік іс еліктіріп әкетсе, енді бірі жанұясын асырау үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ал енді біреулер оқудың орнына спортты таңдап жатты. Алайда орта білімді куәландыратын аттестаттың жоқтығы олардың табысқа кенелуіне кедергі бола қоймады. Сонымен, назарларыңызға мектеп білімін алмаған он шақты миллиардерлерді ұсынамыз.
Амансио Ортега
Inditex негізін құрушы
Дәулеті: $57 миллиард
Forbes миллиардерлер тізіміндегі орны: 3
Испан кәсіпкері Амансио Ортега - Forbes версиясы бойынша әлемнің ең бай адамдары рейтингсінің мүшесі. Оның табысы 2013 жылы 19,5 миллиард долларға асқаннан кейін, ол планетаның ең бай үштігіне енді. Zara, Mussimo Dutti, Oysho секілді брендтердің иегері мектепті 13 жасында тастап кетіпті. Оның әкесі темір жолда қызмет істеген, ал шешесі үй көмекшісі болған. Сондықтан отбасында әрдайым ақша тапшылығы болған.
Ли Кашин
Cheung Kong Group компаниясының басшысы
Дәулеті: $31 млрд
Forbes миллиардерлер тізіміндегі орны: 8
Азияның ең дәулетті адамдарының бірі кедей оқытушы отбасында дүниеге келген. Ли Кашин 14 жасқа келгенде оның әкесі туберкулезден көз жұмады. Соның салдарынан Ли Кашин мектептен кетіп, өзіне жұмыс табуға мәжбүр қалған. Алғашында сағат бауын сатыпты, ал кейінірек пластмассадан жасалған гүлдер жасайтын фабрикаға жұмысқа орналасады.
Ли Кашин күніне 16 сағаттан еңбектенген және 7 жыл ішінде жеке ісімен айналысуға қажетті ақша жинап үлгереді. Оның жинаған ақшасы пластик өндірумен айналысатын шағын зауыт ашуға жетеді. Одан тапқан табысына Ли Кашин Гонконгте арзан жылжымайтын мүліктерді сатып ала бастайды. Айта кетерлік бір жайт, Ли Кашин жүйелі білімнің арқасында миллиардер атанбаса да, осы бір қытайлықтың құрған қайырымдылық қоры оқу орындарына көмек ретінде миллиондаған доллар бөліп отырады екен.
Франсуа Пино
Kering компаниясының басшысы
Дәулеті: $15 млрд
Forbes миллиардерлер тізіміндегі орны: 53
Бір жолы Франсуа Пино өзінде бар оқу жайлы жалғыз куәлік – ол жүргізу куәлігі екенін айтыпты. Француз миллиардеррі 16 жасында мектепті тастап кеткен және осыдан соң білімін жетілдіру жайлы еш ойланбапты.
Ричард Брэнсон
Virgin Group корпорациясының иегері
Дәулеті: $4,6 млрд
Forbes миллиардерлер тізіміндегі орны: 272
Ричард Брэнсонды 16 жасында оқу үлгерімі төмен болғандықтан оқудан шығарған. Бір қызығы, мектеп директорының Ричардқа айтқан соңғы сөздерінің бірі «Қош бол, Ричард. Сен не түрмеге түсесің, не байып кетерсің» болған екен.
Джо Льюис
Tavistock Group негізін салушы
Дәулеті: $4,2 млрд
Forbes миллиардерлер тізіміндегі орны: 308
Британдық Джо Льюис Лондонның шығысында өскен. Оның әкесі шағын фирманың иегері болған және ұлы 15 жасқа келгенде оны өз ісіне араластыруды шешіпті. Осылайша Джо мектеп оқулықтарын шетке ығысытырып, әкесінің ісіне араласып кетіпті.
Бүгінде Льюисте 150-ден астам компаниядан үлесі бар және 135 ресторан мен «Тоттенхэм Хотспур» футбол клубының иегері.
Кирк Керкорян
Tracinda Corporation президенті
Дәулеті: $3,3 млрд
Forbes миллиардерлер тізіміндегі орны: 412
Американдық азамат Кирк Керкорян сегізінші сыныпта оқып жүрген кезінде мектепті тастап кеткен. Ағасының көмегімен ол бокспен белсенді түрде айналыса бастайды және спортшы болуды армандайды. Дегенмен, Киркке кәсіби спортпен айналысу сол күйі бұйырмайды: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол авиацияға қызығушылық танытып, Корольдік әуе күштері қызметіне түседі.
Болашақ миллиардер шағын авиалинияны сатып алып, осы сала бойынша кәсіпкерлікпен айналысуға бел буады.
Дэвид Мердок
Dole Food Company басшысы
Дәулеті: $2,4 млрд
Forbes миллиардерлер тізіміндегі орны: 613
Дэвид Мердок жеміс пен көкөніс өндіру бойынша әлемдегі ең ірі компанияны басқарғанына қарамастан, оның бірінші жұмысы азық-түлікке мүлдем қатысы болмаған. Тоғызыншы сыныпта мектепті тастағаннан соң ол жанармай құюшы болып қызмет атқарады, ал 1943 жылы АҚШ әскеріне жазылады. Соғыстан соң Мердок Детройтте тұрақтауды шешеді және сол кезде оның басында баспанасы, қалтасында ақшасы да болмаған екен.
Карл Линднер
American Financial Group негізін салушы, Uninted Dairy Farmers басшысы
Дәулеті: $1,7 млрд (2010 жыл бойынша)
Forbes миллиардерлер тізіміндегі орны: 582
Ахмет Назиф Зорлу
Zorlu холдингтік компаниясының иегері
Дәулеті: $1,4 млрд
Forbes миллиардерлер тізіміндегі орны: 1031
Джеймс Кларк
Netscape Communications негізін салушы
Дәулеті: $1,1 млрд
Forbes миллиардерлер тізіміндегі орны: 1268
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: forbes.ru