- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Мексикада ер адамға...
Мексикада ер адамға екі қол қондырды
Мексикада үлкен бір жаңалық орын алды. Бір уақытта екі бірдей қол қондыру операциясы сәтті аяқталды. Аталған операция Оңтүстік Американың тарихында орын алып отырған бірінші жағдай.
Бұл бақытты ер адам - Габриэль Гранадос Вергара есімді Мексика тұрғыны екен. Ол өзі ауруханадан шығатын күні журналистерге берген сұхбатында көзайым қуаныштан толқып тұрып, жан сырын жасырмай айтты. "Мен өз сезімімді қалай жеткізерімді білмей тұрмын: енді менің қос бірдей қолым бар"-деп ағыл-тегіл қуаныштан көзіне жас алды. Қазіргі уақытта қос қолда тіршілік барын сезінеді екен.
Осы бір операция мамыр айында жасалып, трансплантациялық процеске Мексика астанасындағы ұлттық медициналық институттың профессоры Мартин Иглесиас есімді кісі жетекшілік еткен. Оған қаладағы кезекті бір бұзақ топтардың арасындағы қақтығыста қайтыс болған 34 жасарлық азамат донор болған.
Операцияның өз алдына бір ерекшелігі, науқастың екі қолдан айырылғанына ұзақ уақыт болмаған. Одан алғысын операциялардағы ампутация мен қондырма аралығы бірнеше жылдарды, тіпті он жылға жуық уақытты қажет еткен. 52 жасарлық ер адам кернеуі мықты токтың кесірінен 2011 жылы екі қолдан бірден айырылған еді. Қайғылы оқиғадан соң, екі қолды шынтақ тұсынан кесіп тастаған болатын...
Сурет: 5-tv.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига