Марсель Пруст сауалнамасына 13 және 20 жаста берілген жауаптар

Марсель Пруст сауалнамасына 13 және 20 жаста берілген жауаптар

Марсель Пруст – Францияның атақты жазушысы, сыншы. «Жоғалған уақытты іздеу» атты жеті томдық эпопеясы арқылы оның танымалдығы артты. Тағы бір ерекшелігі сыныптас қызы берген сауалнаманы (анкета) аса мұқият толтыру арқылы «Пруст сауалнамасы» тарихта қалған. Кеше назарларыңызға сұрақтарын ұсынған едік, енді өзі берген жауаптарын оқи отырыңыз.

Сұрақтар                              13 жасында берген жауабы                20 жасында берген жауабы    
 Қандай адамгершілік ісіңізді жоғары бағалайсыз?  Жалпы адамзаттық, белгілі бір ұйымдарға тәуелді болмау  Өзгелер тамсана қарайтын жаратылыс болу, сүйікті болу
 Ер адамның бойынан көргіңіз келетін басты қасиет?  Өзгеге өнеге болу және ақылды болуы  Еркектік ізгілік, досқа адалдық
 Әйел адамның қай қасиетін ерекше бағалайсыз?  Нәзік, шынайы, ақылды болуы  Әйелге тән сүйкімділік
 Ең сүйікті ісіңіз қандай?  Кітап оқу, армандау, поэзияға, тарихқа уақыт бөлу, театрға бару  Сүю
     
 Бақыт жолында ең басты идеяңыз?  Сансыз кітап пен әуен арасында әрі франция театрынан алшақтамай, тамылжыған табиғат аясында жақсы көретін адамдарыммен бірге өмір сүру  Ол ойым әлі пісіп жетілмегендіктен сөзбен жеткізуге де қорқамын
 Бақытсыздыққа бастар негізгі жол қандай?  Анаңмен араздасу  Өз анам не әжем туралы ешқашан білмей өту
 Ең сүйікті түсіңіз және жақсы көретін гүліңіз?  Маған барлық түс ұнайды, ал гүлдер туралы ештеңе айта алмаймын  Сұлулық бір түске байланып қалмайды, бастысы оның үйлесімі. Сүйіктімнің сүйікті гүлін жақсы көремін.
 Егер сіз – сіз болмасаңыз, онда кім болар едіңіз?  Бұл сұраққа жауап бермей кетсем де болар еді, алайда Кіші Плиний болудан да бас тартпас едім.  Адамдар мені қандай қылып көргісі келсе сондай және өзім тамсана қайра алатын адам болар едім
 Қай жерде өмір сүргіңіз келеді?  Идеал елде  Армандарым ғайыптан тайып орындала беретін және сезіміме сезіммен жауап беретін жерде
 Сүйікті жазушыңыз кім?  Жорж Санд, Огюстен Тьерри.   Анатоль Франс және Пьер Лоти
 Сүйіп оқитын ақыныңыз?  Мюссе  Бодлер, Альфред де Виньи
 Өнерін жоғары бағалайтын композиторыңыз және суретшіңіз?  Мейсонье, Моцарт, Гуно.  Бетховен, Вагнер, Шуман
 Әдеби кейіпкерлерден кімді жақсы көресіз?  Еліктеуге үлгі етіп ұсынылғанға қарағанда, идеалға жақын кейіпкерлер  Гамлет, Федра, Береника.
 Шын өмірдегі құрметтейтін тұлғаңыз?  Сократ, Перикл, Магомет, Мюссе, Кіші Плиний, Огюстен Тьерри.  Месье Дарлю, месье Бутру
 Әдеби не тарихи кейіпкерден қай әйел адам жаныңызға жақын?  Нәзік, ақын жанды, пәк, барлығымен жақсы қарым-қатынас орнататын әйел  Клеопатра
 Жеңсік асыңыз және сүйікті сусыныңыз қандай?  -----  ------
 Қандай есімдер ұнайды?  -----  Дәл қазір мен жақсы көретін бір ғана есім бар
 Не нәрседен жиіркенесіз?  Адамды махаббат бақытына бөлейтін мейірім барына сенбейтін адамдардан  Өз бойымда бар кемшіліктің бәрінен
 Қай тарихи тұлғаны жек көресіз?  -----  Бұл сұраққа жауап беруге білімім таяз
 Дәл қазір ішкі әлеміңізде не болып жатыр?  -----  Өкінішті-ақ, бұл сұрақтың барлығына жауап беру үшін өзім туралы ұзақ ойлануым керек.
 Сүйікті нақыл сөзіңіз қандай?

 Сүйікті нақыл сөзді қысқартып айта алмаймыз. Оның қарапайым мағынасының өзі ең жақсы, әдемі, тамаша табиғатымен ерекше.

 Оны айтқым келмейді.
 Қалай өлгіңіз келеді?  -----  Қазіргі кездегіден де жақсы әрі сүйікті болып...
@. @assel_assanova