Марс бетінен Эверестен де биік шың табылды (фото)

Марс бетінен Эверестен де биік шың табылды (фото)

Curiosity Марс кезбесі жақында Жер шарына өзінің түсірген кезекті суреттерін жіберді. Суреттер Марстағы ең биік кратер Эолида тауына тиесілі.

1

Таудың ең биік нүктесі саналған Шарп шыңының биіктігі 9000 метрді құрайды екен. Ал таудың орташа жасы 2 миллиард жыл деп есептелінеді. Суреттер жасанды құрылғыда орналасқан Mastcam камерасының көмегімен жасалған. 

2

Олар Жерге жіберілген соң, арнайы фильтрмен тазаланып, шынайы кейіпке енді. Яғни, суреттер Жерден смартфон көмегімен түсірілгендей өңделген. Мысалы, Марстағы аспанның түсі көк болып көрсетілген. Ал шындығында Қызыл ғаламшардағы аспан ашық сұр түсті екені белгілі.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: topnews.ru

Б. Қосмағамбет