- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Маркетинг деген не?...
Маркетинг деген не?
Әлемді билейтін сала – экономика. Ақша мен билік кімнің қолында болса ол өз ортасының иесі. Дегенмен ақшаны дұрыс пайдалану, оны тиімді жұмсау сынды кедергілер бар. Осы саланың жанында қоса жүретін, ақша табуда табысты бағытқа бастайтын ұғым бар. Ол – «маркетинг» ұғымы.
Маркетинг – коммерциялық компанияның тауарлары мен қызметтерінің тұтынушыларға, компания үшін тиімді сатылуын жүзеге асыратын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бұл маркетинг сөзінің нақты теориясы.
Түсінікті болу үшін «маркетинг» сөзінің негізі болатын ұғымдарды атап көрсетсек.
Ең бірінші ол - мұқтаждық ұғымы. Мұқтаждық дегеніміз - кез келген адамның тұрмыста қолданатын әрекеттері. Мәселен, оның тамақтануы, киінуі мен білім алуы. Осылар мұқтаждық ұғымына жатады.
Келесі қажеттілік. Қажеттілік – мұқтаждық сөзінің синонимі секілді көрінуі мүмкін. Бірақ мұқтаждық сіздің қарныңыз ашып тұрған сәт, қажеттілік аш қарынға тамақ жеу.
Келесі бір ұғым тауар. Мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыратын субъективті және объективті материалды қамтамасыз ететін, сатуға, айырбастауға, сатып алуға болатын ұғым.
Келесі бір біліп жүретін ұғым «нарық». Нарық ұғымы экономикада екі жағдайда қарастырылады: бірі тауар алмасатын жер болса, енді бір жағы сатып алушылардың жалпы топтық атауы.
Пайда – бұл тауарды сатқан кезде түскен және қайтадан сол тауарды өндіруге кететін қаражат есебі.
Аталған ұғымдар маркетинг ұғымын кеңінен тануға бағыт береді. Дәл қазіргі уақытта маркетингпен айналысу, экономика саласын жетік меңгеру қоғам алдындағы үлкен талап.
М. Ақан