Сіздің бұл сұрақты бұрын-соңды ойламағаныңыз белгілі. Ендеше, мәнет жайында білгіңіз келсе, бас тартпаймыз. Әрине, Исаак Ньютонның көмегімен. Физиктің не керегі бар деп ойлап отырған боларсыз. Оқып көріңіз.
Ең алғашқы кезде мәнеттердің құны құрамындағы металға байланысты бағаланған немесе саудаға түскен. Және алаяқтар осынау мәнеттердің шеткі жиегін кесіп алып, алтын мен күмістерді жинаудан танбаған. Әрине, бұның бәрі сауда нарығы мен күнделікті өмірде үлкен дауға сұранып тұратыны да белгілі. Сонымен ақыры не болды деп сұрайсыз ғой? Әрине, күнде-күнде қолға таразы ұстап, мәнет өлшеп жүрген ыңғайсыз, сондықтан алғашқы шешімді данышпандардан күтті.
Бірақ, данышпандар үнсіз қалды. Елге беймәлім, сол уақыттарда Британдық Корольдық мәнет ауласының жай ғана қызметшісі қызметін атқарып жүрген Исаак Ньютон есімді азамат өз ұсыныстарын ортаға салды. Оның ұсынысы бойынша, ендігі шығатын мәнеттердің бәрінің шеткі жиегіне кертік жасап, ою салып тастау керек болатын. Өзі айтқандай, жасалған ұсыныс жақсы болып шығып, қолданысқа ене бастайды.
Содан бері мәнеттің шеткі жиегі "гурт" деп аталып кеткен. Ол сөз ескі ағылшын тілінде "gyrdan" (буындыру) деген мағынада жұмсалады.
Алайда, уақыттың озуына байланысты аталған қолданысқа өзгеріс енгізу керек болады. Өйткені, әр ақшаны қайта өңдеп немесе шетіне бедерлеп ою қою көпке түсетін. Бастысы бұл емес. Бастысы - алаяқтардың қолынан келетін істің де қатарына айналуы...
XVI ғасырдың екінші жартысында француздар мәнеттің шеткі қырына жазу бастырып шығаруды қолға алады. Ең бірінші жазулар 1577 жылы француздың алтын экюлерінде пайда болды.
Сурет: mediadrom.info