Мамандар Джоконданың екінші портретін тапты

Мамандар Джоконданың екінші портретін тапты

Ертең Женева қаласында көпшіліктің көзайым қуанышы үшін әйгілі  "Мона Лиза" портретінің ең бірінші нұсқасы ұсынылмақ. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлап отыр. 

"Mona Lisa Foundation" қорының белді мүшесі әрі шахматтан әлемнің экс-чемпионы болып саналатын Анатолий Карпов 35 жылдық зерттеу барысында Леонардоның атақты "Джаконда" туындысын тудырмастан он жыл бұрын жазған шығармасының жалған екенін алға тартып отыр. 

Швейцариялық қордың өкілдері презентация барысында ғылыми, тарихи, салыстырмалы зерттеулердің бәрін жұрт назарына ұсынбақ.  Және әйгілі суретшінің "Мона Лиза" портретінің екі нұсқасын жасағандығын дәлелдеп бағады.

Сонымен қатар, Женевада көлемі 320 беттен тұратын жаңа кітаптың тұсауы кесілмек. Аталған кітапқа қазіргі "Мона Лиза" туындысының жалған екенін растайтын тарихи, ғылыми зерттеулердің бәрі-бәрісі (жоғарыда айтылған) енгізілген. Әзірше құнды шығарманың авторы кім екені айтылмай отыр. 

Айта кететін болсақ, піл сауырлы дүниенің дүйім жұртын жинаған презентацияға Леонардо да Винчи мұражайының директоры және осы салада ауыз толтырарлықтай еңбектер атқарып жүрген тегі италиялық Алессандро Вецози қатыспақ.


Бүгінгі таңда Вецози мен Калифорния университетінің профессоры Карло Педретти төл туынды болуы мүмкін портреттің Леонардоның қылқаламынан шыққанын растап бағуда. 

Ал жаңа портреттерге күмәнмен қарайтын өнертанушы Филипп Молд соңғы жылдары "Мона Лиза" туындысының нағыз, шынайы нұсқалары табылғаны турасындағы көптеген ақпараттың жалған болып жатқанын айтады. Сол үшін де болар, жаңалық десе, жарғақ құлағын жастықтан алмайтын болыпты.  

Естеріңізге сала кетсек, Женевада көрсетілгелі тұрған картинаны ең бірінші рет суретші және сыншы Хью Блейкер 1914 жылы  Сомерсет елді-мекенінде тұратын беймәлім бір ақсүйектен сатып алған көрінеді. Одан кейін араға біршама уақытты салып барып, яғни 1962 жылы Генри Ф. Пулитцер есімді коллекционерге сатып жіберген. Ал өз кезегінде картинанын жалған екенін дәлелдеуге кіріскен-міс.

Ұлы Леоанардо да Винчидің талантына еріксіз бас ие отырып, басылым беттерін басып алған жаңалықтардың өтірігіне еріксіз қынжыласыз. "Өнер өмірден үйренбейді" - дей келе, қазіргі таңда Джоконданы білмейтін әрі тұнық сұлулығына бас имейтін бірде-бір жан баласы жоқтығын айтқымыз келеді. Екінші Джоконда бізге керек пе? 

сурет:bild.de

Дайындаған: Фараби Бақыт 

Л. Лига