Қазақ тілінің лексикалық қорының толығуына мүмкіндік беретін тәсілдің бірі – бұл фонетикалық тәсіл. Егер лексика-семантикалық тәсіл кезінде сөздің сыртқы формасы мен дыбыстық кешенінде ешқандай өзгеріс болмаса, фонетикалық тәсіл кезінде дыбыстық транформациялар орын алады. Сол арқылы мағынаның өзгеруі, толығуы тәрізді процестер орын алады.
Фонетикалық тәсіл әлем тілдерінің барлығында кездеседі, әсіресе, флективті тілдер ішкі құрылымының өзгеруі арқылы сөзжасамдық құбылысы жүретіндіктен бұл тілдерде өнімді тәсіл саналады. Дегенмен, қазақ тілінің де тарихи дәуірлерді ежелгі тілдердің бірі болғандықтан фонетикалық ерекшеліктер арқылы сөз құрылымын өзгерту, сонымен қатар сөз мағынасын да өзгерту процесі біте қайнасып жатыр.
Мұндай варианттар жеке-жеке семантикалық бірліктерге айналған. Өкімет/үкімет, өкім/үкім, әріп/қаріп, оқиға/уақиға, кінә/күнә, қазір/әзір, ауа/әуе, ғалам/әлем, өкіл/уәкіл. Мысалы, әріп/қаріп дублеттерінің бірінші сыңары тіл білімінің термині болса, екіншісі полиграфия саласында қолданылатын термин, сол сияқты оқиға – прецедент, уәкіл – представительство, ал уәкіл – представитель, уәкілеттік – полномочие, ал өкілеттік – представительство, мәлімет – сводка, мағлұмат – сведение.
Фонетикалық жарыспалардың пайда болуына әстүрлі лингвистикалық және тілден тыс экстралингвистикалық себептер әсер етеді.
Фонетикалық элементтердің тілдегі түрлі үрдістермен тікелей байланысты. Фонетикалық варинаттардың бірінен-бірі туындап отыруы өз кезегінде тілдің мағына ажырату функциясымен байланыста жатыр. Сонымен қатар, фонетикалық варинаттардың шегін ажырату қиынырақ, өйткені сөздің дыбыстық варианттары говорларға, басқа тілідң әсеріне ғана емес, орфоэпияға, қарапайым сөйлеу тіліне, тіпті, жеке адамдардың сөйлеу ерекшелігіне де байланысты түзіле беретіні байұалады. Сондықтан фонетикалық өзгерістер негізінде қалыптасқан лексикалық бірліктердің де қалыптасуында шек жоқ.
Сөздің фонетикалық нұсқаларының қалыптасуына әртүрлі шығу арнлары, тілдік қатынастары себеп болуы мүмкін:
а) дауысты дыбыстардың алмасуы (сингорманизмдік параллельдер деп те аталады): маусым/мәусім, уәде/уағда, ғазиз/азиз, бейсауат/байсауат, қатер/кәтер, өмір/ғұмыр, харакет/әрекет, мағлұм/мәлім, ғалам/әлем, тағлым/тәлім, т.б.
ә) Дауыссыз дыбыстардың алмасуы: пәле/бәле, палуан/балуан, түңлік/түндік, саңлақ/саңдақ, таңлай/таңдай, молла/молда, т.б.
б) Орфоэпиялық варианттар.
Протеза. Айтылуын жеңілтету мақсатында дауысты дыбыстардың үстемленуі: стол/үстел, станция/ыстанса, т.б.
Эпентеза. Сырттан ауысқан түбірлерде дауысты дыбыстың үстемелеп айтылуы. Сөз шұғыл дыбыстан басталып, одан кейін сонар л,н,р дыбыстары келетін жағдайда, олардың аралығында ы, і, е, о, ө, у дауыстыларының бірі айтылады: кровать/кереует, протокол/пыртокол, шляпа/шіляпі, т.б.
Метатеза. Қазақ тіліндегі сөздердің метатезалық өзгерісі аутылуы ауырлау дыбыс тіркестерінің өзгеру үрдісінен байқалды. Мәселен, қазақ тілінде түбір сөздегі екі жауыссыздың қатар тұруы сирек. Мұндай жағдайда олардың тұлғалық өзгеріске, соның ішінде метатезалық өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ондай дыбыс тіркестеріне пк, лғ, рк, лп, гз, нк, нс, қс, рм, мш, рз жатады: ұлғат/лұғат, түркі/түрік, құлпы/құлып, елегзи/елгзи, ынсап, нысап/ ұқсап/құсап, жармы/жарым, алдамшы/алдамыш, ырза/рыза, дорба/добыра.
в) Орфографиялық варианттар. Әдеби тілдегі сөздер мен сөз тіркесін ауытқуға жол бермей, бірыңғай етіп жазудың тәсілін белгілейтін ережелер жиынтығын орфография деп атаймыз. Бір сөздің баспасөзде әрқалай жазылуынан орфографиялық варианттар түзіледі: рахмет/рақмет, ақымақ/ахымақ, шекара/шегара, қорытынды/қортынды, дауысы/даусы, насихат/нәсихат, т.б.
«Залал/зиян, дару/дәрі, мақсұт/мақсат, дағуа/дауа, ұлық/ұлы, адал/алал/халал, нәсіп/несіп, адым/қадам/қадым, ажал/тажал/дажал, апат/опат, ар-ұждан/ар-ождан, әкім/хакім, әл-ауқат/әл-қуат, ғаламат/әлемет/аламат/алапат, бақай/башпай/башай, бейіл/пейіл, ғазел/ғазал, дұға/дуа, жағдай/жағдаят, жаңқа/жоңқа, зират/зиярат, зиян/залал/зарар, көлік/күлік, пәтер/бәтер, пенде/бәнде/бенде», т.б.
Адым/қадам/қадым дуплеттерінің дыбысталуымен қатар, бір мағынаны білдіретін сөз нұсқалары екенін білеміз. Қадам араб тілінен енген сөз, негізгі мағынасы – «адамның жүру кезіндегі акі аяқтың аралық қашықтығы», яғни, адым. Әдетте, араб-парсы тілінен енген сөздердің, әсіресе, алғашқы қаріптері халық қолданысына келгенде түсіп қалады: қаріп/әріп, қадам/адым, хәкім/әкім, ғалам/әлем, т.б. Мұндай процесс аталған дупликаттар арасында да жүрген. Қадам – қадым – адым түрінде өзгеріске түскен. Кейін бұл дупликаттар бір-біріне жақын мағыналармен қоса әртүрлі мағыналарға да ие болған. Қадам мен адым сөздерінің мағыналары бір болғанымен қолданыс аясында айырмашылықтар бар. Мәселен, «қадам баспады», «қадам басты», «қадамды қайталау» (информатика термині), «қадамы қабыл болды», «қадамы құтты болды», «қадамыңа гүл бітсін [нұр бітсін]», «қадамың қайырлы болсын», «қадамы тайды», «қадамы ұлғайды», «қадамы түзелді» тәрізді сөз тіркестерінен аңғарғарғанымызқадам сөзі қандай да бір процесті, үрдісті білдіретін ұғымды білдіретіндігін байқауға болады. Ал «адым жерге жібермеді», «адымын аштырмады», «адымын аңдап басты», «адымы қысқа», «алғашқы адым», «қарға адым жер» тіркестерден «адым» сөзі қандай да бір субстанцияны, тұрақты құбылысты, объектінің атау тәрізді ұғым жатқанын байқауға болады. Әрі дуплеттердің жасап отырған тұрақты тіркестері мен сөз тіркестері бір-біріне ұқсамайды, осыдан-ақ бұл сөздердің қолдану аялары әртүрлі екендігін білуге болады.
Әкім сөзінің бастапқы формасы араб тілінен енген «хәкім (хакім)» екендігіне күмән жоқ. Бұған мағыналарының ұқсастығы дәлел бола алады. Алайда хәкім көне форма болғандықтан, кітаби тілде ғана өзінің бұрынғы мағынасын сақтап қалған. Оның формасы «әкім» түріне ауысқан соң өзіне даңа мағыналарды жамай бастаған. Тәуелсіздік алғаннан кейін қолданыстағы ұғымдарды заттандыру кезінде, администрациялық мағыналарды атау барысында кітаби тілде сақталған әрі тарихи дәуірлерде түркі жұрағатында әкімшілік бөлінушілік кезінде қолданылған «әкім» сөзі қоғамдық-саяси лексикаға еніп, саясаттану ғылымындағы іргелі терминдердің біріне айналған. Қазіргі күнде көне форма (хакім) қолданылмайды, тек тарихи шығармаларды мен поэтикалық туындыларды жазу барысында прагмастилистикалық реңкін келтіру пайдаланылады.
«Пейіл» сөзі араб тілінен енген сөз, сонымен қатар оның қазақ тіліндегі дупликаты «бейіл» сөзі болып табылады. Мұндай бейіл сөзі «бейіл бермеді», «бейіл салды», «бейілі бұзылды», «бейілі кең», «бейілі кеңіді», «бейілі қашты» тәрізді тіркестерге қарасақ, әрекетті білдеретін, бейілдің қимыл-әрекетін білдеретін мағынаға ие екенін танимыз. Ал «адал пейіл», «қара пейіл», «мөлдір пейіл», «пейілі ашық», «пейілі бұзық», «пейілі кең», «пейілі қас», «пейілі тар» тәрізді тіркестерге назар аударсақ, «пейіл» сөзі тұрақты қалыптағы, статикалық күйдегі сөз екендігін, атаумен ғана шектелетінін аңғардық. Бұл екі сөздің әртүрлі бір мағынаны бере тұра әртүрлі қолданыстарда өзін таныта алады.