Қазақстандық тілші ғалымдар латын қарпіне 2017 жылы көшуді ұсынды. Олардың пікірінше, EXPO-2017 халықаралық көрмесінің ашылу жылында латын қарпіне толықтай ауысып бітеміз. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Мұндай пікірді Халықаралық түркі академиясының президенті Шәкір Ыбыраев айтып отыр. Оның айтуынша, Астанада өтетін халықаралық көрмеге 5 миллионнан астам турист келеді екен.
Шәкір Ыбыраев: «Барлық ілінген қағаздарда латын қарпі болса әдемі болар еді. Ойлап көріңіздер, бұл біріншіден, халықаралық стандартқа сай болар еді ғой».
Телеарнаның хабарлауынша, латын тіліне қандай жағдай болмасын көшеді екенбіз. Өз кезегінде қазақстандық тілші-ғалымдар жаңа әліппеміздің 100-ден астам нұсқасын да дайындап қойыпты.
Ал елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өткен жылдың желтоқсан айында латын қарпіне 2025 жылы ғана көшетінімізді айтқан еді...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: visual-warez.kz