Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру – әбден пісіп жетілген қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. Әліпбиді ауыстыру – мүлде қаражат шықпайтын шаруа емес. Бірақ, шығынды тым асыра бағалау – бекер сөз. Әліпби ауысқанда бұрынғы кітаптарды өртеп жіберу керек деп ешкім айтпайды. Қазіргі жазумен жазылған кітаптар – сол кітаптарды оқи алатын қазақтармен бірге тозып, бірге ескіреді. Құнды кітаптар керек болған жағдайда, қайтадан басылады. Әліпбиді ауыстырудың ең маңызды, ең салмақты нәтижелері – жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге күшті әсер етеді, қазақ тіліне айрықша маңыз беріп, қайтадан жаппай оқуға себеп болады.
Латын әріптері негізінде қазақ әліпбиін құрудың бірнеше жолы бар. Енді сол жолдардың қайсысы дұрыс екендігін талқылау керек. Бұлардың арасында көпшілікке ең белгілісі – 34 әріптен құралған ортақ түрік әліпбиінің жобасы. Ол жоба Анадолы түрікшесінің әліпбиіне басқа түркі тілдеріне керек болады деген таңбаларды қосу жолымен жасалған. Ортақ әліпбидің бізге өте ыңғайсыз көрінетін тұсы – онда латын әріптеріне қосымша кириллицадан, түрікшеден алынып, қосымша белгі салып жасалған таңбалардың болуында.
Жобаға байланысты тағы бір кейбір түсіндірмелерді келтіруге болады.
1. Әр дыбыс жеке әріппен таңбалануы керек деген қатып қалған қағида жоқ, керісінше – қатар жазылған екі әріппен бір дыбысты белгілеу көп елдің жазуларында бар.
2. Қазақша оқымай жүрген қазақты ортақ әліпби арқылы өзбекше, түркменше, ұйғырша оқытамыз деген – бос қиял, сондықтан бізге ортақ әліпбиден пайда жоқ.
3. Қазақ әліпбиі – қазақ тіліне, қазақ жазуына ыңғайлы болуы керек, ең ыңғайлы жазу – таза латын әліпбиін қолдану.
4. Қазақ әліпбиін ұтымды, озық түрде жасасақ, бұл біздің латын әріптеріне көшуде кешігіңкірегеніміздің есесін қайтаратын, еңсемізді көтеретін, жазуларын әлі ауыстырмаған туысқандарға үлгі болуға жарайтын тамаша іс болар еді.
Қазір латынның бірнеше жобасы ұсынылып жүр. Біразында ә, ө, ү дыбыстарының таңбаларын a’, o’, u’ түрінде алу ұсынылып жүр. Ахметтің дәйекшесінің орнына ‘ таңбасын ала қойса тамаша болар еді, бірақ бір айта кететін нәрсе - ’ таңбасы барлық программалау тілдерінде ерекше рөл атқаратын таңба. Мысалға C, Pascal, Delpһy тілінде “A” – мәні A-ға тең тізбектік айнымалы болса, ’A’ – ның мәні 65 –ке тең сан болады. BASЫC тілінде бұл таңбадан кейінгі кез келген жазу түсініктеме болып қабылданады. Демек, бұл таңбаны қабылдасақ, қазақ тілі программалауға болмайтын тілге айналады. Бұны ескерген жөн. Керісінше, оның орнына е әрпін алсақ, е немесе ы әріптері бар кез келген буын жіңішке буын болып шығады деген қағиданы бекітсек, қазақ тілін адамға да, компьютерге де үйрету әлдеқайда жеңілдер еді. ’ таңбасы тыныс белгісі емес әріп екенін компьютерге ұқтыру қиын. Компьютерде сөзге жіктегенде бұл таңба еш уақытта сөзге қосылмайды. Мысалға “a’lem” деген бір сөзді “a” және “lem” деген екі сөзге бөліп қояды. Сонымен қатар бұл таңбаны көптеген программалар қос таңбаның бірі деп есептеп, сөздің басында ‘, ал соңында ’ қылып автоматты өзгертіп отырады. Бірақ, ’, ‘, ’ таңбаларының кодтары әр түрлі.
Латын әріптерін басқа таңбамен толықтырмай, таза күйінде алғаннан не ұтамыз? Ең негізгі ұтымдылық – ондай әліпбидің қазіргі заманның барлық байланыс, баспахана, компьютерлік құралдарды пайдалануға өте ыңғайлығында. Мұнда дүние жүзінде латынша баспа әріптері үлгілерінің мыңнан аса түрі барлығын және олардың бірден біздің игілігімізге жұмыс істей бастайтынын баса айтқанымыз жөн. Бүгінгі күні бұл мәселе төңірегіндегі жетістігіміз ең дамыған деген баспаларда бар жоғы 20-ға жуық әріп үлгілері болғандығында. Ал қазіргі қазақ жазуының ерекше әріптерін белгілеуді бір жүйеге келтірмегендіктен туындап жатқан проблемалар қаншама!
Компьютерді қолданғанда таза латын әліпбиінің ыңғайлы болуы тек қана мәтінді теріп, баспаға дайындауға беретін жеңілдігінде ғана емес, сонымен қатар, таза латын әріптерін қолдануға негізделген программалау тілдерін толық пайдалануға мүмкіндік беруінде. Мысалы Lisp, Cobol, Ada тілдерінде латын әріптерінен құралған мағлұматтар тізбегі компьютердің жадында сол мәнге тең айнымалы болады. Ал басқа әріптер кездессе оларды тек қана тырнақшаға алып, латын әріптерінен жасалған басқа тізбекке телиді. Егер ең болмаса бір белгі латыншаға сәйкес емес болса, қазақ тілі туралы программа жазу ағылшын тілі туралы программа жазғанға қарағанда әлдеғұрлым қиынырақ болып шығады.
Сөйтіп, әліпбиімізге бір қосымша таңбасы бар бір әріп енгізсек, айтылып отырған ыңғайлы жағдайлардан бірден айырыламыз.
Егер қазақ тілінде латын әріптерін басқа таңбамен толықтырмай, таза күйінде қолдану керек болса, онда тілдегі екі дауысты дыбыс қатар келмейтіндігін пайдаланып, ә, ө, ү дыбыстарының таңбаларын ae, oe, we түрінде алуға болады. Бұл дыбыстар тек түбір сөздің батапқы буынында кездесетіндіктен, жазуды онша ұзартпайды. І дыбысы жалғауларда болғандықтан, жеке әріппен белгіленуі тиіс.
Енді әліпби жобасын келтіріп, кейбір дыбыстардың таңбалары неліктен көрсетіліп отырған түрде алынғалы туралы түсінік берейік.
Дыбыстарды белгілеу үшін латын әріптерін таңдағанда мынадай себептер ескерілді:
Барлық әріптер дүние жүзі қолданып жүрген әріптер мен таңбалар кестесінде бар әріптер. Барлық жіңішке дауыстылар төбесіне сызықша қою арқылы белгіленеді. Математикадағы вектор ұғымына қарсы келмеу үшін сызықшаны доға түрінде қойған жөн. Нүктелердің санына байланысты оларды бір не екі дәрежелі туынды деп қате түсіну мүмкін болатындықтан, нүктемен белгілеу де жарамайды. Қазақтың ң дыбысын белгілеу үшін латынның һ әріпін алғаннан басқа амал жоқ. Латынның c әрпі 30-шы жылдардағы қазақ жазуында ш болып оқылған. W әрпі Ұ әрпін алмастырды Көп адамдарға қазақша жазуда "к" мен "қ" және "г" мен "ғ" дыбыстарын сәйкесінше бір-бір әріптермен белгілеуге болатыны түсініксіздеу көрінеді. Нақтысында, бұл мүмкін және дұрыс та. Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке болуына байланысты қазақ сөзінде дауыстылардың әсерімен дауыссыздар не қатты не жұмсақ айтылады. Қазаққа бұл заңдылықты бұзып айтудың өзі оңай емес. Мысалы "құл", "күл" деген сөздерді "қүл", "кұл" түрінде айту үшін тілді әдейілеп бұрмалап, қиналу керек. Керек болғанда г әрпін ĝ арқылы, ал к әрпін q белгілеуге болады, бірақ оны мен қолдамаймын. И, я, ю әріптері жобаға кірмеді. Бұл жобаны енгізу барысында соңғы 50 жылда жасалған қазақ емлесіне қайшы келіп жүрген қателіктер түзетілуі тиіс. Мысалы, «сою» сөзі оның түбірінен таратылып «сой» + «ыу» = “сойыу” болып өзгертіліп “soыyu” болып аударылуы керек. Сол сияқты “сию” немесе “сыйыу” немесе “сыйыу” болып өзгертіліп алып, мағынасына қарай не “syыyu”, не “sŷыŷu” болып, ал “сиыр”, “мая”, “ою” сөздері сәйкесінше “cyыyr”, “maыa”, “oыyu” болып аударылуы керек. Тілімізге жат дыбыстарды білдіретін әріптер (ц, щ, ъ, э, ч, ь) қатысқан, басқа тілден келген терминдер өз тіліміздің барлық заңдылығына сәйкес икемделіп аударылуы керек. Менің ойымша, латыншаға өтудің ең басты қажеттігі тілдерін осы әріптерге (и, у, я, ю әріптерін қоса) үйретіп алған қазақ ұрпақтарын байырғы тілдік ортаға қайтаруда тұрған сияқты. Басты мәселе – мектеп жасындағы баланың тілін жат дыбыстарға үйретіп, қазақшылықты бұрмалаудан құтылу. Басқа әріптер қазіргі төлқұжаттарда аты-жөнімізді жазу үшін қолданылып жүр.1
A a
А
11
J j
ж
21
T t
т
2
Ââ
ә
12
K k
Қ,к
22
U u
у
3
B b
Б
13
L l
л
23
V v
в
4
C c
Ш
14
M m
м
24
Ww
ұ
5
D d
д
15
N n
н
25
Ŵŵ
ү
6
E e
Е
16
O o
о
26
Xx
X, h
7
F f
Ф
17
Ô ô
ө
27
Y y
ы
8
G g
ғ,г
18
P p
п
28
Ŷŷ
ы
9
H һ
Ң
19
R r
р
29
Z z
з
10
Ы ы
Й
20
S s
с
30
Автор қазақ тілінің барлық заңдылықтарына қайшы келетін сөздерді қазақшаға икемдеп, латыншаға дұрыс аударатын программа жасап жатыр.
Жолдаған: Серікбол Шәймардан
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: mtdi.kz