Көңілсіздіктің адамға пайдасы бар ма? Бүгін тағы да адамға пайда іздеу мақсатында ізденіп отырмыз. Әлбетте, кез келген жолыққан адам бұл сұрағымызға "жоқ!" деп айтары анық. Сөйте тұра, жақында ғалымдар ашқан жаңалық құлақты елең еткізбей тұра алмайды.
Зерттеушілердің сөзіне сенсек, көңілсіздік аңғарымпаздықты арттыратын көрінеді. Оған аталған мырзалардың өткізген сынағы көз жеткізіп отыр. Яғни сынақ барысында адамдарды екі топқа бөліп, біріншісіне қайғылы, ауыр киноларды көрсетсе, екінші топқа күлкілі, юморлы фильмдерді тамашалатқан. Артынан ғалымдар арифметикалық есептерді шешуді талап етіпті.
Анықталғандай, қайғылы кино көрген топтың адамдары бүкіл есептің жауабын тез әрі ұқыпты шешсе, күлдіргі фильм көрген адамдар тиісінше бірде-бір есептің дұрыс жолын таба алмаған.
Біз секілді және сіз сияқты адамдардың бірден сене қоймайтынын ескерген ғалымдар осы бір сынақты бірнеше мәрте өткізіп көрген. Әр зерттеу сайын көңілсіздіктен келер пайда артпаса, еш төмендемепті. Керісінше, көңіл-күйсіз жағдайда адам баласының белсенділігі артып, өткен күннің жарқын елестерін жақсы сақтайтын болып шықты.
Міне, күрсініп алудың да пайдасы бар! Сіз қалай ойлайсыз?
сурет:allfons.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек