Кейде күнделікті қолданыста кездесетін терминдердің нақты мағынасын білмей жатамыз. Сондықтан, осы тектес сөздердің түсіндірмесін ұсынамыз. Біле жүргеніңіз өзіңізге жақсы.
Волонтер – ерікті
Коллизия – соқтығыс (конфликт)
Кайман – қолтырауын
Генезис – шығу тегі
Амбивалентті – екі жақты (мысалы, екі жақты мәселе)
Кредо – дүниетаным
Раритет – сирек кездесетін бағалы нәрсе
Латентті – жабық, тұйық, анық емес
Индифферентті – нейтралды, екі жақты да құптамайтын адам
Нотация – өсиет
Экстравагантты – ерекше, өзгеге ұқсамайтын
Респектабельді – құрметке ие, құрметті
Репрессия – жазалау
Легитимді – заңды
Корсар – қарақшы
Голкипер – қақпашы (футбол)
Инцидент – оқыс жағдай
Превентивті – алдын алушы
Кульминация – шырқау шегі
Харизма – тартымдылық
Аберрация – шындықтан адасу
Паритет – теңдік
Абитуриент – талапкер
Инвариантты – біркелкі, өзгермейтін
Деструктивті – бүлдіруші
Тенденция – бағыт, сән
Апологет – жақтасушы
Синопсис – қысқаша мазмұн, қысқаша түсінік
Кастинг – саралау
Интерьер – үйдің ішкі дизайны
Сурет: fonwall.ru