Америкалық балалар бесіктен бастап сиқырға сенбейтін, қиялға ермейтін, құрғақ ойдың иесі болып тәрбиеленеді...
Ал бізде бәрі басқаша емес пе?
Мәселен, Бэтман мен Суперменнің киімдерінде мынадай жазулар тұрады:"Бұл киімді кигеннен саған келіп тиер пайда жоқ. Бәрібір де ұшып үйрене алмайсың!"
«Power Puff Girls» мультфильмі қаһарманының қыздарға арналған киім үлгісінде төмендегідей сөздер кездеседі:"Әлемді құтқарам деп әуре болмай-ақ қойыңыз. Бәрібір де құтқара алмайсыз!"
Сыпырғышпен тұрған Гарри Потердің ойыншығының этикеткасында да арнайы жазулар тұрады:"Шындығында бұл сыпырғыш ұша алмайды!"
Қызанақ шырынының банкісінде мынадай ескерту тұрады:"Қақпағын ашу үшін бұрау қажет!" Сөз жоқ...
Белгілі бір компанияның үтіктері ескертпесіз шықпайды:"Адамның денесін ешқашан үтіктеуге болмайды!"
Газ баллондарында үлкен әріппен жазулар тұрады:"Көздің тітіркенуіне алып келуі мүмкін". Ай, әттең-ай, көзге бүрку керек еді...
Ұйықтататын дәріде де жазу бар: "Абайлаңыз, адамның ұйқысын келтіруі мүмкін". Ал, керек болса, сергектік сыйлайды деп жүрміз ғой!..
Осы іспетті жазуларды заттардан кездестіріп көрдіңіз бе?
сурет:coolenjoy.net
Дайындаған: Фараби Арыстанбек