Күлкілі америкалық ескертулер

Күлкілі америкалық ескертулер

Америкалық балалар бесіктен бастап сиқырға сенбейтін, қиялға ермейтін, құрғақ ойдың иесі болып тәрбиеленеді...

Ал бізде бәрі басқаша емес пе?

Мәселен, Бэтман мен Суперменнің киімдерінде мынадай жазулар тұрады:"Бұл киімді кигеннен саған келіп тиер пайда жоқ. Бәрібір де ұшып үйрене алмайсың!"

«Power Puff Girls» мультфильмі қаһарманының қыздарға арналған киім үлгісінде төмендегідей сөздер кездеседі:"Әлемді құтқарам деп әуре болмай-ақ қойыңыз. Бәрібір де құтқара алмайсыз!"

Сыпырғышпен тұрған Гарри Потердің ойыншығының этикеткасында да арнайы жазулар тұрады:"Шындығында бұл сыпырғыш ұша алмайды!"

Қызанақ шырынының банкісінде мынадай ескерту тұрады:"Қақпағын ашу үшін бұрау қажет!" Сөз жоқ...

Белгілі бір компанияның үтіктері ескертпесіз шықпайды:"Адамның денесін ешқашан үтіктеуге болмайды!"

Газ баллондарында үлкен әріппен жазулар тұрады:"Көздің тітіркенуіне алып келуі мүмкін". Ай, әттең-ай, көзге бүрку керек еді...

Ұйықтататын дәріде де жазу бар: "Абайлаңыз, адамның ұйқысын келтіруі мүмкін". Ал, керек болса, сергектік сыйлайды деп жүрміз ғой!..

Осы іспетті жазуларды заттардан кездестіріп көрдіңіз бе?

сурет:coolenjoy.net

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига