Кітапхана - шипажай

Кітапхана - шипажай

Тайланд халқында демалыс орындарын ауыстыра алатын бір мекен болса, ол - кітапхана.
Таиландтың Самуи аралы көпшілік туристерге кітапхананың дәл өзінде демалуды ұсынады. The Library қонаүйі "Тираван Сонгсавет" жобасын игеріп, шекара аймағының көркіне көрік қоса түсті. Жергілікті ландшафтардың бірде-біреуіне тиіспей, теңіз жағасына алып барып, әп-әдемі ғимарат соқты. Онсызда бұл елдің демалыс орындары теңіз жағалай орын тепкен. Алайда, жаңа жобаның өз айта кетер ерекшеліктері бар.

Күнделікті өмірде көріп жүрген кітапхана емес, өз алдына бөлек дүние десек те болады. Аталған кітапхананың теңіз жағасына барар жолы сұр түспен көмкерілген. Оған қарама-қарсы қанық-қызыл түске боялған қалпында бассейндер орналасқан. Ал әйгілі кітапхана  айрықша көрік беруі үшін ақ түске боялған. Және осы бір кітапханадан кітап оқып қана қоймай, кинолар мен неше бір әндерді уақытша алуға, Wi-Fi желісімен тегін жұмыс жасауға мүмкіндіктер берілген. 
"Кітапхана" жобасын жасаушылар бұл ойларын жоғары бағалайды. Себебі, аталған жерде кітап оқу зиялылықтың бір белгісі деп қаралады. Әрі кешкісін бассейн жағасында шарап іше отырып, түн бойына айтар әңгіменің көп болатынын негізге алады.
Егер барғыңыз келіп бара жатса, онда қонақүй сайтынан керек мәліметтердің бәрін ала аласыз. Барып көруге  тұрарлық!

Форумда талқылау

Суреттер: kazpravda.kz

 

Л. Лига