Кітап оқитын адамды көптің арасынан байқау қиын емес. Өйткені, онымен сөйлесу оңай әрі әр уақытта ортақ тақырып табылады. Әлемде уақыт өзгеріссіз қалғанымен, бізді баурап алатын пайдасыз заттардың қатары көбейді. Сондықтан, адамдар даму мен өсуге мүмкіндік беретін пайдалы заттарға уақыт таппай әлек.
Сондықатн сіздерге шабыт сыйлау үшін, кітаптың берер пайдасын айтпақпыз. Көп оқыңыз, күнде оқыңыз, кейін өзіңіздің бойыңыздағы өзгерістерді бізге айтуды ұмытпаңыз.
– 1 –
Сөздік қордың көбеюі
Адамды адаммен байланыстыратын – сөз. Кітап оқитын адам ешқашан «сөз таппай әуре болу» қиындығын басынан өткермейді. Тек аңа сөдермен танысып қана қоймай, оқып отырып, түрі сөз тіркестерін, қала берді теңеу, метафора секілді айшықтаушы құралдарды пайдалану ретін түсінесіз. Иә, сіз оны оқып отырып жаттамайсыз. Бірақ, миыңыз оны есіңде сақтап қалады. Сонымен қатар, сауатты жазатын боласыз. Егер сіздің жазбаңыз қателіктерге толы болса, сізді оқитын адам да соғұрлым азая түспек.
– 2 –
Мидың күнделікті жаттығуы
Спортпен айналысатын адамның нәтижесі анық көрінеді. Ал, кітап оқитын және білімді адамның нәтижесі сын сағаттарда ғана көзге түседі. Сонымен қатар, оқыған адам сұраққа бірден жауап бере қоймайды. Өйткені, олар әр уақыт өздеріне сыни көзқараспен қарап, өздерін ақылдылардың қатарына жатқыза алмай әуреге түседі.
Жақсы кітап әрдайым ой қалдырып, адамның санасында сан сауал туғызады. Яғни, сіз үздіксіз ой үстінде боласыз.
– 3 –
Есте сақтау қабілетінің жетілуі
Иә, ақылды адамдардың есте сақтау қабілеті қарапайым адаммен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Көркем әдеби шығармалар сіздің қиял әлеміне сапар шегуіңізді қамтамасыз етеді. Бұл сәтте сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да есте сақтау қабілетіне жауапты мидың аймағы белсенді жұмыс жасайды.
– 4 –
Зейін қою
Бизнесмендер, шығармашылық адамдары мен ғалымдар зейіннің адам өміріндегі ең маңызды элемент екенін айтады. Егер бір нәрсеге бар зейініңізді аударуға қауқарсыз болсаңыз, бір істі аяғына дейін жеткіземін деп ойламаңыз. Ал, кітапқа уақытыңызды сарп ететіндіктен, оның ішіне еніп, шын сезіну үшін міндетті түрде зейін керек. Ал, зейін ол – жүре-бара қалыптасатын дағды.
– 5 –
Шығармашылық ойлау жүйесі
Мәтіннің ерекшелігі сол сіздің қиялыңызға шек қоймайды. Санаңызда қалаған образдарды жасап шығарасыз. Кейіпкерді өзіңізше елестетесіз. Бірақ, тек көркем әдебиетті ғана емес, мезгіл-мезгілімен ғылыми, тарихи кітаптарды оқып тұрған дұрыс. Олардың арасында өздеріне тән ерекшеліктер бар. Сондықтан, бірнеше бағытты қамту миыңыздың түрлі аймағын жетілдіреді.
Барынша кітапты көбірек оқыңыз!