Атақты жаттықтырушы (дрессировщик) В. Л. Дуров туралы естігеніңіз бар ма?
1880 жылы Дуров жан-жануармен көзқарас арқылы тілдесуге болатындығын айтқан. Ол сол сөзін орындау жолында 1914 жылы 21 ақпанда өзінің тәжірибесіне бірнеше ғалымды шықыртқан. Содан зерттеушілер темір тордың ішінде өзімен-өзі отырған аң патшасы арыстанға ар жағында ұйықтап жатқан екінші арыстанды қауып алуды бұйыр деген. Дуров біраз келіспей, ақыры шартқа көнген. Арыстанның көздеріне қарап тұрып екінші арыстан оның алдында жатқан етті жейін деп келе жатқанын елестетіп, тамағыңды тартып алдырма деп бұйрық берген. Ғалымдар езу жиып үлгергенше, темір тор шайқалып, арыстандар төбелесі басталып та кеткен. Оларды Дуров көздерімен қайта қарап тоқтатыпты.
Бірақ бұл жағдайға ешбір профессор нақты анықтама бере алмаған.
Сурет: desktopwallpapers.org.ua
Дайындаған:Фараби Бақыт