Қазақ тілі – әлемдегі ең бай тіл. Тілдің құдіреттілігі оның қолданыс аясынан емес, сөздік қорының молдығына, мағыналас сөздердің (синоним) жиі кездесуіне және көркемдігіне байланысты. Дүниежүзінде жаппай ортақ танымал алты тіл бар: қытай, араб, ағылшын, орыс, француз, испан тілдері. Бұлар бүгінгі таңда топ бастап, көшбасында тұрған қолданыс аясы кең, қолданушылары көп тілдер болып табылады. Ал қазақ тілі бұл қатардан табылмағанымен, қолдану аясы тар болғанымен, ең көркем және ең көп мағыналас сөздік қорымен топ бастары анық.
Қазіргі таңда тіл білімі ғылымында этимологиялық сараптау, шығу тегін зерделеу және зерттеу үлкен ғылыми жұмыстарды талап етері анық. Себебі қазақ тілі түркі тілдес тілдердің қатарына жататындықтан оның зерттелуі маңызды. Дегенмен ақпарттық заман дамыған сайын зерттеу бағытының жолы да өзгеріп келеді. Қазір тіл білімінің алға тартып отырған маңызды бір объектісі – БАҚ беттеріндегі, поэзия, проза тілдерінің жазылу стилі, ерекшелігі мен қошемет сөздерді қолдану аясы болып отыр. Себебі тілдік этикеті бұзылып бара жатқан қоғамда бұл әлеуметтік басты мәселе деп қарауға әбден болады.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» дейтін қазақтың тілі дуалы, дұғалы. Себебі аталы сөз қарғыс болып тисе айықпас дерт, бата болып дарыса қасиет. Ежелден сөздің қадірін, қасиетін түсінген халық сөзге тоқтаған, құрмет қараған. Сол секілді жақсы сөйлеп, жақсыға жорыған. Тіпті адамдар арасындағы сөйлесу қарым-қатынасы арасында да тілдік этикет сақталған.
Адамдар белгілі бір қоғамның, мемлекеттің, этностың, ұжымның мүшесі ретінде қоғамдасып, бір-бірімен тығыз байланыста, экономикалық, мәдени, саяси т.б. сан алуан қарым-қатынаста өмір сүреді. Адам өміріндегі осы бір алуан қырлы, күрделі қарым-қатынасты жүзеге асырудың аса маңызды бірден-бір құралы тіл екені барша жұртшылыққа мәлім. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында күнделікті қайталаудың барысында, сан мәрте қолданудың нәтижесінде мықтап орныққан, әбден қалыптасып, стереотипке айналған іс-әрекеттер (амандасу, қоштасу, кешірім сұрау, құттықтау, рахмет айту, ризашылық білдіру, тілек айту, жұбату, көңіл айту т.б.) болады. Адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы ғылымда этикет деген арнайы терминмен айтылады. Осы әдеп ережелерінің тіл арқылы жүзеге асатын жағы «сөз этикеті» деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады.
Қошемет, қоштасу секілді көңіл-күймен байланысты таңданыс – жағымды оқиғаға, іс-әрекетке байланысты еріктен тыс туындайтын адамның ішкі толқу сезімі.
Бұл игілікті оқиғаға, сұлулыққа, пәктікке тамсандыратын сезім. Адамның ізгі сезімінің, рухани жан дүниесінің тазалығын айғақтайтын шын жүректен айтылған қошемет сөз парасатты өмір сүруді меңзейтін, адамгершілікке, имандылық пен ізгілікке ұйықты болатын жағымды эмоционалдық хал мен көңіл-күйін туындатпақ. Адамдар арасындағы сыйластық пен жақын тартуға айрықша мән берген халқымыздың әр алуан әлеуметтік жік пен ресми, ККЛ-ін әр аулан амал тәсілмен түрлендіріп қолдануы ерте кезден-ақ қалыптасқан. Мәселен:
Айт де! Тамаша!
Айтқаның келсін! Ғажап!
Азамат екен!
Неткен керемет!
Ғаламат!
Аузыңа май!
Ой, арыстаным-ай!
Анаңнан айналайын!
Ой, жолбарысым-ай!
Әп, бәрекелді!
Қасқыр екен!
Бәсе!бәсе! бәсе!
Уай, сабаз!
Жаса, жаса! Уай, десей!
Жарайсың ерім! Уа, батырым!
Жігіт деп осыны айты! Шіркін!
Е, уай пәлі! Соқ! Соқ!
Ерім жарадың! Паһ!
Тіл – ауызым тасқа!
Аспандағы айға қол созды!
Пайдаланылған әдебиет: Бизақов С. «Көңіл-күй лебіздерін білдіретін сөз орамдары».– Алматы: ТОО «Самара-Принт», 2007- 308 б.