Әйгілі жандардың биографиясына көз жүгіртіп қарасаңыз, олардың жеткен жетістіктері шығандап кеткен ақыл-ойдың жемісі болмағанын аңғарасыз. Мәселен, Эйнштейн, Франклин және Джобс секілді тұлғалардың толассыз жетістікке жетуі мынадан көрінеді – шығармашылық ойлау еркіндігі мен сұраққа басқа қырынан қарау және өз ісіне деген теңдессіз құштарлық пен адалдық.
1. Сұлулықтың алар орны
Стив Джобсқа бала кезгі бір оқиға сұлулықтың үлкен мән-маңызын түсінуге мүмкіндік берген, нәтижесін Apple өнімдерінен көре аласыз. Әкесі бірде Стивке тапсырма беріп, онда үй алдына қақпа тұрғызу керектігін және қақпаның ішкі жағы да (ешкімге көрінбейтін тұсы да) сырт жағындай әсем де әспетті болуын ескертеді.
Стив Джобс өмір бойына осы ережені есінде сақтап қалған және Apple инженерлерінен өз уақытында осыны талап етіп, гаджеттің сырты қандай сұлу болса, ішкі жағы да сондай әдемі, әспетті болуын көздеп отырыпты.
2. Нағыз құштарлық
Бала кезінде Альберт Эйнштейнге әкесі сыйлыққа компас беріп, сосын сол баланы әлгі қондырғы қатты еліктіріп әкеткен. Бағдар тілінің үнемі бір жаққа бұрылып тұратынына болашақ ұлы зерттеушінің бүкіл есіл-дерті ауып, магниттік белдеудің жұмбағына бірнеше сағат кіріп кететін болған.
17 жасында Эйнштейн әкесінен сыйлығынан кейін құштарлығы ауған магнитті белдеуді түсіндірген Максвеллдің теңгерімімен танысып, ақырында дүниеге салыстырмалылық теориясы келеді.
3. Жиынтықтау және қысқарту
Стив Джобс жобаларды жиынтықтаудың нағыз маманы болған және өзгелерді де осыған үйретіп өткен. 1996 жылы Apple компаниясына қайта оралған уақытта да компания шығарып отырған оншақты өнімге назар аударып, олардың санын төртеуге дейін қысқартқан екен.
Егер Джобс қызметкерлер ортасында он идея ұсынылар болса, оның жетісін сызып тастап отырған. Жиынтықтауға деген бала көңіл өнім дизайнының құрылымынан да көрініс тауып, тиісінше, оны қолданушыға барынша қолайлы қылып шығарған.
4. Өзгені тыңдау және келісім
Бенджамин Франклин кез келген адамға жақсы ой келеді деп санаған. 1728 жылы ол қолөнершілер мен "Былғары белдемшелердің клубы" атты сатушылардың пікірталастық үйірмесін құрады. Арада 15 жыл өткенде әлгі үйірме Американың философиялық ортасын айналып үлгереді.
Төзім мен көне білу қабілеті өте маңызды қосымшалар саналады, өйткені, олар өзіңізден бөлек өзгенің ойын тыңдауға, өзгенің ой-көзқарас деңгейін түсінуге үйретеді.
Келісімге келу адамнан батыр жасамайды, бірақ, бұл демократия орнатуға, сосын нағыз көшбасшыға айналуға көмек қылады.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: intheb.ru