Кітаптың бәрі пайдалы. Дегенмен, ғалымдардың зерттеуінше ішінде ең пайдалы жанр көркем әдебиет. Неге? 1. Адамның бойындағы сезімталдылықты дамытады:Көркем әдебиетті оқу адамның қиялын дамытып қана қоймай, өзгелердің ішкі сезімін тереңірек түсінуге көмектеседі. Олардың адамдардың ойларын еркін аңғарып, шынайы бет-бейнесін тани алады. Сонымен қатар, олардың бойында қайырымдылық, жанашырлық сезімдері дамиды. 2. Стереотиптерден арылу:Сіздің ойлау көкжиегіңіз артады. Сәйкесінше, айналаңызда орын алып жатырған оқиғаларға сәйкес өзіндік көзқарас қалыптасумен қатар, қоғамдық біркелкі пікірден арыласыз. Қоғамда жат саналатын, бірақ, адамдар арасында кездесетін іс-әрекеттерге байланысты ойыңыз жетіледі. Адамдарға түсіністікпен қарауды үйренесіз. 3. Қиялдың жүйріктігі:Ағылшын әдебиетінің классигі Джозеф Конрад: Автор кітаптың жарты бөлігін жазады. Қалғанын оқырман жазады деген болатын. Шынайы жазушы оқиғаның барлығын баяндамайды. Бір тұсын оқырманның қиялына қалдырады. Мысалы, кейіпкердің дауысы, сырт келбеті кейде сол күйі жасырын қалады. Осылайша, оқырманның өзінің қиялындағы кейіпкерді жасап шығарады. 4. Ұйқы мен сау жүйке жүйесі:Күйзеліспен күресіп жүргендер үшін кітаптан артық пайдалы дәрі табылмайды. Зерттеуге сүйенсек, 6 минуттық оқылым жұмысы жүрек соғысын баяулатып, бұлшық еттерді 68%-ға дейін босаңсытады. 5. Есте сақтау жүйесі мен логика:Абай жолының барлық кейіпкерін ұмытып қалмау үшін мықты есте сақтау жүйесі мен логиканың керегі анық. Неғұрлым қиын сюжетті кітапты оқыған сайын, сіздің ойлау жүйеңіз бен миыңыздың сол жарты шары жақсы жұмыс жасайды. 6. Сөздік қордың бай болуы:30 жастағы оқырмандардың (ағылшындықтар) арасындағы сауалнама жүргізу нәтижесі мынандай: Егер әдемі сөйлегіңіз келсе, көркем әдебиетті оқыңыз. 7. Жаңа мүмкіндіктерЖурналист әрі продюсер Лиза Бу TED конференциясында көркем әдебиеттің тигізген септігі мен шығармашылық дағдарысты жеңуде қандай рөл атқарғанын айтқан болатын. Назарларыңызға ұсынамыз: Көркем әдебиетті қаншалықты жиі оқисыз?