Қолдары симметриялы балалар өзгелерге қарағанда өте зерек болады. Бұл туралы Developmental Psychology ғылыми журналы жазды.
Эдинбург және Глазго университеттерінің ғалымдары 4-тен 15 жасқа дейінгі 856 баланы зерттеген. Зерттеуде балалардың жас ерекшелігі мен гендерлік өзгешеліктері де ескерілді.
Балалардың қолдарының симметриясы сандық сканердің көмегімен анықталған. Зерттеу нәтижелері адамның қолдарының бітімі сананың дамуына тікелей байланысты екенін көрсетті.
Мамандардың айтуынша, адам денесі симметриялы болса, оның миы кез келген жағдайда жылдам шешім қабылдайды деген сөз.
"Бұл зерттеулер адамның дене бітімі мен санасының тығыз байланыста екенін дәлелдейді. Зерттеу жұмыстары жалғасады", - дейді Эдинбургтағы когнитивті эпидемиология мен кигнитивті қартаюды зерттеу орталығының директоры Ян Дири.
Мидың да симметриялылығы сананың мүмкіндігі жоғары екенін білдіреді.
Сурет: hi-news.ru
Оқи отырыңыз:
Ілияс Есенберлиннің немересімен кездесу өтті
Мұстафа Кемал Ататүрік – әлемдегі он ұлы көшбасшының бірі
Интеллектуалдық сұрақтар (Онлайн орындау)
Америка штаттары атауларының шығу тарихы