- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Қолайсыз ауа-райы жақындарға...
Қолайсыз ауа-райы жақындарға қоңырау шалуға мәжбүрлейді
Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінің ғалымдары белгілі бір адамға қоңырау шалу және сөйлесу уақыты ауа-райына тікелей байланысты деп тұжырым жасап отыр.
1,3 миллион адамның ұялы телефоннан сөйлескен уақыт аралығын зерделеп көрген зерттеушілер адам зейінінің ерекше жаратылғанын алға тартады. Мәселен, қолайлы емес ауа-райы (сулы, суық, не болмаса ыстық, қапырық) ұялы телефонмен сөйлесу уақытын созса, екінші жағынан сіздің қоғамдық ортамен байланысыңызды үзіп тастайды немесе кейінге қалдырады дейді.
Сізде де сондай ма?
Адам баласының ұялы телефонсыз жұмысы бітпейтін заманда бұл жаңалықтың үлкен септігі тиюі мүмкін. Себебі, қолайсыз күндерде адам жұмыс мәселесімен, арнаулы мақсаттармен қоңырау шалмайтынын ескерсек, онда барлық уақыт күттірмейтін жұмыстардың біршамасы кейінге қалады деген сөз. Ендеше, көзге көрінбейтін көңіл жібінің табиғатпен тікелей байланысы бар.
Ауа-райының күннен-күнге бұзылып, құбылып бара жатқаны ең бірінші кезекте адамдардың ұялы телефонға деген тәуелділігін арттыра түседі. Және бір анықталғаны, қолайсыз күндері жақындармен сөйлескен әңгіме бірсыдырғы өтсе, жұмыс барысымен болған келісімдер сәтсіз, көп жағдайда суықтау аяқталатын болып шықты.
Ең бастысы «тау тауға жолықпайды, адам адамға жолығады» - деген сөзді жадымызға түйіп, жанымызда жүрген адамдармен тығыз қарым-қатынаста болуымыз тиіс. Ескеріңіз, адам психологиясы не болса, соған сенгіш келеді.
Сурет:dipity.com
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига