Когнитивті лингвистика – тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі антропоцентристік парадигманың қатарына жататын тоғыспалы ғылым саласы. Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым.
Қазіргі тіл ғылымында когнитивті лингвистика қатты дамып, оның салалары категориялау теориясы, тілдік тұлға, концептуалды метафора, когнитивті–дискурсивті теория, когнитивті семантика, тағы басқалары сараланып кетеді.
Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудырды.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі кұралдары: есте сақтау бірліктері - таным, гештальт теориясы, тілдік сана және т.б. Когнитивтік лингвистика дүние бейнесін сипаттауға бағытталады.
Дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық сәулеленудің үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік қабылдау деңгейі, қабылдауды қалыптастыру деңгейі, сөйлеу-ойлау процесс деңгейі.
Когнитивтік лингистикада тілдің таным кұралы және танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады. В. Гумбольдт кезінде тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын адами рухтың басты қызмет екендігін баса көрсеткен болатын.
Когнитивтік лингистиканың негізгі үғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, менталдылық, концепт т.б.
Когнитивтік лингвистика - XX ғасырдың 70 жылдары Европада кең таралған лингвистикалық бағыт болып саналады. Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны Америка Құрама Штаттарында «когнитивті грамматика» деп аталса, Ресейде «когнитивті семантика»-когнитивтік зерттеулердің алғашқы бастауы болды. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуы лингвистикалык зерттеудегі әдіснамалық ілгерілеу болды. Тілді зерттеудің когнитивтік (танымдық) сипатының қалыптасу тарихын түсіндіру үшін зерттеушілер мынадай фактіні келтіреді.
1970 жылдары американдық лингвист Чейфтің түсіндіруінше, ағылшын тілінде қандай да бір оқиға туралы мәлімет көпшілікке жеткізілер болса, хабарлы сөйлем, интонация, когнитивті күш-жігер жұмсалатындығына тоқталды.
Когнитивтік лингвистика бірнеше ғылым түрлерінің өзара қатысымдылығы негізінде пайда болды: Когнитивтік ғылымдар (когнитология, когиотология). Оның зерттеу обьектісі - адами танымның кұрылымы мен қызметі. 1960-70 жылдардың шегінде жасанды интеллектіде мынадай түсінік қалыптасты: адамдағы интеллектуалды үдерістер «адам ойлауының әмбебап заңымен» пара-пар бола алмайды. Интеллектуалды тапсырмалардың басым көпшілігін адам баласы вакуумда немесе таза жады арқылы емес, жадыда бұрыннан сақталған білім қоры негізінде орындай алады. Тіпті белгілі бір ережелерге сай құрылған шахмат ойынының өзін шебер ойнау үшін адамның жинақталған таным қоры болуы қажет.