- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Кездейсоқ жазылған романдар...
Кездейсоқ жазылған романдар
Кейде кітаптарды оқып отырып, мынаны жазу автордың ойына қалай келген деп таңқалатын әдетіміз бар. Бірі арнайы жоспарлау арқылы жаңа туындыны өмірге алып келсе, енді бірінің әлемге танымал шығармасы ойламаған жерден жазылған. Ендеше бүгін сіздерге кездейсоқ жазылған шығармалар ретін ұсынамыз:
«Итті санамағанда, қайықтағы үшеу»
«Трое в лодке, не считая собаки» (1889)
Джером Клапка Джером
Джеромның алғашқы идеясы бойынша ол «Темза жайында повесть» деп аталатын Лондон төңірегіндегі шағын қалашық туралы кітап жазу керек болатын. «Мен тіпті күлкілі кітап жазу туралы ойға алған емеспін» – дейді ол өзінің естеліктерінде. Кітапта Темза қалашығы мен оның көрікті жерлері, тарихи аймағы сипатталауы керек болатын. Оқырмандарын сергіту мақсатында күлкілі оқиғаларды қосады. «Дегенмен, бәрі мен ойлағандай болмады. Сергітуге арналған әзілдер бірнеше жерде емес, туындының барлық аймағында кездесті». Осылайша автор жалғастыруға шешім қабылдайды. «Итті санамағанда қайықтағы үшеу» атауы кітаптың жартысы жазылған уақытта ойына келеді. Кейін кітап ерекше атаққа қол жеткізген кезде автордың өзі «Бұдан күлкілі шығармаларым бар еді» деп, бұл кітаптың күлкілі екендігіне күмәнмен қарай бастайды.
«Франкенштейн немесе заманауи Прометей»
«Франкенштейн, или Современный Прометей» (1818)
Мэри Шелли
1816 жылдың жазында Женева көлінің жағалауындағы үйде Джордж Байрон, Джон Полидори, Перси Шелли және болашақ жары Мэри Годвин атты беделді ағылшындықтар тобы бас қосады. Кенеттен өзгерген ауа-райына байланысты олар үйден қалып, неміс қорқынышты ертегілері мен әңгімелер жинағы «Фантасмагориандар» кітабын оқу арқылы уақыт өткізуге шешім қабылдайды.
Бірнеше уақыт өткен соң, Байрон әрбір адамға қорқынышты әңгімелер айтуды ұсынады. Бұл иденың Мэри Шеллиге ұнағаны соншалықты, ол түсінде түрі қорқынышты, жансыз, сұсты, бірақ жыбырлайтын дүниелерді көре бастайды. Оның шабытының тағы бір себепкері – алхимиялық зертханасы бар Франкенштейн қамалы туралы қауісеттер болатын. Мэридің алғашқы хикаясы Байронға ұнағаны соншалықты, ол оған шағын әңгімені романға айналдыруға кеңес береді. 1818 жылдың көктемінде «Франкенштейн, немесе заманауи Прометей» кітабы жарыққа шығады. Екі жүз жылға жуық уақыт өтсе де, жас жазушыға келген ойлар тек XX ғасырдағы ғылыми фантастика мен қорқынышы әлемнің басты кейіпкері ғана емес, әлі күнге дейін кино мен кітаптарда орын тапқан ең үздік бағыттың негізін қалағанын аңғаруға болады.
«Желмен ғайып болғандар»
«Унесенные ветром» (1936)
Маргарет Митчелл
Өзінің атақты романын Маргарет Митчелл тура айтқанда атқаратын ісі болмағандықтан жаза бастады: бір деректерде дәрігерлер тізе буынында артрит барын айтса, екінші деректер бойвнша ол жол апатынан зардап шеккен. Бір уақыттары ол жүре алмаған, ал уақытын кітап оқу арқылы өткізген. Кітаптарды әкеліп тұратын күйеуі бір күні баспа машиансын сыйлап: «Егер кітапты қаласаң, неге оны өзің жазбасқа?!» деген ұсыныс білдірген.
Кітапты жазғанымен оны жарыққа шығаруға автор асықпаған болатын. Достары келе қалса, қолжабаларды жастық астына тыға салатын. Араға 10 жыл салып, ол дертінен толық айығады. Бірақ, кітап сол күйі жарық көрмейді. 1935 жылы автор ұйымдастырған әдеби кештің қонағы ретінде тәжірибелі редактор Гарольд Латем келеді.
Оқиға ертегіше өрбиді: редактор қолжазбаны алып, оны түні бойыы пойызда оқып шығады. Алған әсерінен арыла алмаған ол баспаға жол тартады. Жарнамаса өте өтімді болады: радио мен газеттер жарыса хабарлай бастайды. 1937 жылы автор «Пулитцер» жүлдесін иемденеді.
«Үй»
«Дом, в котором…» (2009)
Мариам Петросян
Аса танымал емес суретші-мультипликатор Мариам Петросян жазған кітап бестселлер қатарына енген болатын. «Алғашқы нұсқасы мынаған мүлде ұқсамайды. Оны 80-жылдардың аяғында жазып бастағам. Үй жайында романды кейіперлерімен құрдас кезімде бастадым. Оларды қағазға жазбас бұрын, кескіндеп алғам. Сондықтан, кейіпкерлер мен негізгі ойы кітаптың өзінен бірнеше жасқа үлкен», – дейді автор.
Автор өзінің еңбегінің құнын білмеген сынды: 1998 жылы Мариам өзінің қолжазбасын Мәскеулік досына сыйға береді. Ал, танысының ұлы досына береді, ол оның суырмасында 10 жылға жуық жатады. Кейін қайта тауып алып оқыған ол оны ағасына, ағасы құрбысына берседі. Осылайша, қолдан қолға өтіп жүрген қолжазба «Гаятри» баспасының бас редакторы Шаши Мартынованың қолына түседі. Қолжазбаны оқып жүріп, қызығушылығы оянған редактор толық аяқталмаған туындының авторын іздей бастайды. 2007 жылы авторға абарласып, кітапты басып шығуды ұсынады. Автордың сөзінше оны аяқтау қиынға соққан. Тіпті, басылым алдында атауы да өзгерген.
Т. Есқали