- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Кешенді тестілеуден колледж...
Кешенді тестілеуден колледж түлектерінің 80 пайызы өту балын жинай алмады
Колледж түлектері 19 шілде мен 23 шілде аралығында жалғасқан кешенді тестілеу нәтижелеріне наразылық білдіруде. Себебі, колледж түлектерінің 80 пайызы кешенді тестілеуден өту балын жинай алмаған. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдан бастап, кәсіптік білім алғандардың барлығы Қазақстанның ЖОО-ларында оқуын жалғастыра білулері үшін ТКТ тапсыруға міндеттелген болатын. Өткен жылдары мұндай талап тек мамандығын ауыстырып, ЖОО-ға 1-курстан бастап түспек болғандарға ғана қойылатын.
Емтиханды сәтсіз тапсырғандар, кешенді тестілеуге дайындалуға уақыттың тым қысқа болғанын айтады. Себебі, колледж түлектерін ЖОО-ға түсу тәртіптерінің өзгергені жайлы сәуір айында ескерткен.
Енді өту балын жинай алмаған колледж түлектері ЖОО-ға түсу үшін өту балын азайтуды немесе ТКТ 2012 нәтижелерін есептемеуді сұрайды.
Алайда, Білім және ғылым министрлігі бұған әлі де үнсіз қалуда. Университет өкілдерінің айтуынша, колледж түлектерінің ТКТ-ға дайындалып және одан өтулеріне барлық мүмкіндіктері болған.
Оқуға түсу мәселесіне келер болсақ, елімізде грантқа құжат қабылдау мерзімі басталып кетті. Ол шілде айының 31-не дейін созылады. Ал тамыздың 10-12-сі грант 2012 конкурсының нәтижелері анықталады. Сондай-ақ ақылы бөлімге қабылдау мерзімі елімізде 25 тамызға дейін жалғасады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: megaobzor.com
Ж. FM