Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубы мен Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен биылғы жылы «Ономастика – Қоғам – Уақыт» атты жас ғалымдардың IV Республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.
Конференцияда жиырмадан аса қатысушылар: олардың ішінде оқушылар, студенттер мен магистранттар және докторанттардың қатысуымен, сонымен қатар қалалар мен облыстардан келген оқушылар және өзге де ЖОО студенттері, жаратылыстану, гуманитарлық факультеттерінен қатысты. Конференция тақырыбына сай, мағыналы, мазмұнды баяндамалар жас ғалымдар тарапынан жасалды.
Конференцияны Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің меңгерушісі Өтебай ҚАЛЫБАЙ ашып, «Алматы қаласындағы ономастика жағдай» атты баяндама жасады. Баяндамасында бүгінгі күнде Алматы қаласында 8 аудан, 153 шағын аудан және 2500-дей көшелеріне қатысты ауытқушылықтар, оның өзіндік дәлелдері елді мекендердің қалаға қосылуына байланысты 500-ге жуық көше атауы қайталанатыны туралы айта келіп, қайталанатын және атауы жоқ көшелерге атау беру Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті комиссиялардың қарауына енгізілетіні жайында айтты.
Алматы қаласындағы ат/атауға қатысты біршама мәлеметтер берді. Университетіміздің тарих, археология және мұражай факультетінің профессоры Аманжол ҚАЛЫШ жалқы есімдердің тарихи зерттелуіне қатысты қызықты баяндама жасады.
Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті мемлекетіміздің ең үздік, бас ЖОО екені белгілі. Бәсекеге қабілетті маман даярлауда барынша атсалысып келеді. Сол жоспардың бір бөлшегі ретінде Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы жанынан құрылған «Жерұйық» ономастикалық өлкетану клубының атқарып жүрген шараларын атап өтуге болады. Ал осы клубтың жетекшілері: Г.Б. Мәдиева мен П.Т. Медетбекова және мүше-студенттері «Шет тілі: екі шет тілі», «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен IV Республикалық конференция жоғары деңгейде өтті.
Әл-Фараби ат.ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультетінің
жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының
оқытушылары: Н.А. Исмайлова, Ж.Ж. Күзембекова, П. Т. Медетбекова.