- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Қазақстанда жеке меншік...
Қазақстанда жеке меншік ЖОО саны екі есеге қысқарады
ҚР ғылым және білім министрлігінде ЖОО-ларды оңтайландыру бойынша қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Қазақстан парлементінің депутаттары, ЖОО ректорлары, журналистер, «Нұр Отан»халықтық демократиялық партиясының және салалық қауымдастықтардың мүшелері енді.
Бұдан бұрын Қазақстанның білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жоғары оқу орындарын оңтайландыру керектігін мәлімдеген болатын. Ол әр облыста тек бір ғана жеке меншік ЖОО болатын айтқан еді. Алайда, Шымкент, Қарағанды, Алматы, Астана секілді ірі қалаларға мұндай жаңашылдық әсер етпейді. Бұл қалаларда 2-3 оқу орындарынан қалдырады. Қазіргі таңда елімізде 66 ЖОО қызмет атқарып келеді және солардың тек 30-ы қалады. Басты мақсат ЖОО-ларды оңтайландыру – білім беру сапасын арттыру.
Министірлік бірінші кезекте материалдық-техникалық қоры, профессорлық-оқытушы құрамының квалификациясы тиісті білім беру қызметімен қамтамасыздандыруға мүмкіндік бере алмайтын оқу орындарын жабатынын айтты. ЖОО-лардың қысқартылуы 2015 жылға дейін өткізіледі.
Жабылуы мүмкін оқу орындарының студенттері басқа ЖОО-ларға ауыстырылады. Сонымен қатар, Бақытжан Жұмағұлов мемлекеттік оқу орындарын үлкейту жайлы да айтып өтті. Білім және ғылым министрілігінің айтуынша, әрбір аймақта тек бір университет пен жеке меншік ЖОО қызмет атқаратын болады. Яғни жоғары оқу орындары ғылым және білімнің ірі орталығына айналады. Олар аймақтық экономиканың қажетілігін ескере отырып жұмыс істейді. Алдағы уақытта республикалық кеңестің мүшелері қазақстандық жоғары оқу орындарын оңтайландыру жұмысының механизмін түсіндіру үшін аймақ аралауды бастайды.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: kursiv.kz
Ж. FM