Қазақстан тарихынан қосымша деректер

Тарихты қанша оқып, ізденсек те біз білмейтін қаншама қызық бар. Бүгінде оқушылар мен талапкерлер ҰБТ-ға қызу дайындық үстінде. Мына тарихи деректер ұлттық тестілеуде көп кездеспесе де, қажет ақпарат деп біліп, сіздерге ұсынуды жөн көрдік.

Ежелгі Отырар кітапханасында 500 000 қолжазба
қоры болған. Ол әлемдегі Александрия кітапханасынан (700 000 қолжазба) кейінгі екінші орында. Пугачев өзін "III Петр" деп атаған. Иван Грозный Ермакты Сібірді бағындыру мақсатында жіберген. Қаратау қорығы 2004 жылы ашылған. Медеу мұз айдыны 1971 жылы қолдануға берілді. КСРО-да атом бомбасын Курчатов тобы ойлап тапты. Әбу Али ибн Сина - әлемнің үшінші ұстазы. Семей бұрын "Жетішатыр" деп аталған. Ленинград 900 күн қоршауда болған. Сталинградты алу кезінде неміс штабын Генерал Паулиус басқарды. Фирдаусидің шын есімі - Әбілқасым. Мұхтар Әуезов - қазақтың тұңғыш филология ғылымдарының докторы. Қазақтың тұңғыш профессоры - Құдайберген Жұбанов. "Самұрық" ұлттық қоры 2006 жылы құрылды. Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған (халық жыры). Сақ ғұламасы Анарыс (Анахарсис) б.з.б. 620-555 жылдар аралығында өмір сүрген. Қара теңіздің бойындағы скифтер сақтардың кемер тайпасының ұрпақтары. Сақтардың тиграхауда, парадария және хаомаварга болып үшке бөлінгені туралы парсылардың Ахамендік сына жазуында таңбаланған. Алтын адамның бас киіміндегі 4 найза 4 бағытты (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік) білдіреді. Қазақстан Қысқы Азия ойындарында 32 алтын иемденіп, біріншілікті бағындырды. Қой - оғыздардың тотемі. Рафаель Санти Аттилланың жорықтарын суреттеген Еуропадағы жалғыз суретші. Батыс ғұндардың жалауының түсі сары болған. Катапультаны ғұндар Аспан асты елін бағындырар кезде ойлап тапқан. Түркілердің ежелгі өрбіген атамекен жері Алтай болған. Қажы Тархан - Астраханның ежелгі атауы. Түркі руна жазуы Қазақстанның Тараз қаласынан табылды. М.Қашқари мен Ж.Баласағұнның бірге тұрған ескерткіші Бішкек қаласында қойылған. Абд ул-Әзиз ибн Шараф Әд-Дин - Тайқазанды құйған кісі. Есім ханды "Еңсегей бойлы ер Есім" деп Қазанғап атаған. "Амангелді" фильмінің сценарийін Ғабит Мүсірепов жазған. Шығай хан Бұқараның Құмышкент деген жерінде жерленген.


Үш бәйтерек: С.Сейфуллин  И.Жансүгіров Б.Майлин Алыптар тобы: М.Әуезов  С.Мұқанов Ғ.Мүсірепов Ғ.Мұстафин Бес Арыс:  М.Жұмабаев  Ж.Аймауытов М.Дұлатов А.Байтұрсынов  Ш.Құдайбердіұлы Қазақтың тұңғыш алты академигі:  Қ.Сәтбаев М.Әуезов Ә.Марғұлан  Т.Тәжібаев  І.Кеңесбаев  Ә.Бектұров Ернес Төрехан "Аттила" кітабының авторы. Қаржаубай Сартқожаұлы "Орхон жазбалары" еңбегінің авторы. Қойшығара Салдарұлы "Көне түркіжазбалары" атты монографиясының авторы. "Құтты Білік" (1069 жылы) пен "Диуани Лұғат ат-Түрк" (1074 жылы) шығармаларын қазақшаға аударған Асқар Егеубаев. Құлмат Өміралиев оғыздардың тілі мен эпосын зерттеген. Сұлтан Бейбарыс Дамаскінің әз-Захария кітапханасының жанында жерленген. Тұрсын Жұртбай "Дулыға", "Талқы" мен "Ұраным Алаш" еңбектерінің авторы. Мурат Аджи қыпшақ тарихын арнайы зерттеуші ғалым. Болат Көмеков - "Қыпшақтану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры. Лев Гумилев - Батыс Түрік қағанатын арнайы зерттеген шығыстанушы ғалым. Әлкей Марғұлан мен Кемел Ақышев - үйсіндер тарихын толық зерттеушілер. Әлкей Марғұлан "Ежелгі жыр-аңыздар" атты монографиясында ғұндардың эпосын зерттейді. Қойшығара Салғарин "Таным танмақтар" еңбегінде ғұндар туралы деректер береді. Әуелбек Қоңыратбаев 1986 жылы "Қорқыт ата" кітабын қазақшаға аударды. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы 1978 жылы құрылған. 1910 жылы 31 желтоқсанда ҚР Ұлттық Кітапханасы ашылды. А.Машани - "Әл-Фарабитану" ғылымының негізін салушы. А.Югнекидің "Ақиқат сыйы" еңбегін Е.Құрысжанов қазақша сөйлетті. Әл-Хорезмидің "Мухаббатнамесін" Алма Қыраубаева зерттеген. Н.Далбай және Қ.Жарылғапов - 2009 жылы 22 қарашада ашылған Астанадағы Қазақ елі монументінің авторлары. М.Тынышбаев "Ақтабан Шұбырындыны" ғылыми айналымға енгізді. Ислам Жеменей "Тарихи-Рашиди" еңбегін қазақшаға аударды. Ғани Мұратбаев тұңғыш КСРО-ның комсомол сыйлығын алған қазақ. Олжас Сүлейменов тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алған қазақ. Шығармалары: Азия (1975 жылы), Адамға табын, Жер, енді (1961 жылы), Таңбалар тілі (2005 жылы). Ең алғашқы шығармасы - Арғымақ. "Қазақ әдебиеті" газетінің алғашқы саны 1934 жылы 10 қаңтарда шықты. Бас редакторы - Ғабит Мүсірепов. 1928 жылы ақпанда қазіргі "Жұлдыз" журналы жарық көрді. Бас редакторы - Сәкен Сейфуллин. Сасбұқа - Жеті Жарғыны жасауға қатысқан қырғыз биі. Березин - "Түркі хрестоматиясы" (1876 жылы) Ы.Алтынсарин - "Қазақ хрестоматиясы" (1879 жылы) Радлов - "Қырғыз хрестоматиясы" (1883 жылы) Шоңби  Едігеұлы - қарадан шыққан тұңғыш аға сұлтан. Бұқар жырау алты алашқа қазақ, ноғай, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, татарды жатқызады. Жоңғарлар 4 тайпадан тұрды: қошут, дүрбіт, шорос, торғауыт. Кенесары хан туралы жазылған тарихи романдар: М.Әуезов "Хан Кене" (1928 жылы), 1934 жылы сахналанды. Қ.Бекхожин "Науан батыр" Қ.Аманжолов "Көкшетау" Н.Ахметбеков "Жасауыл қырған" М.Сералин "Топ жарған" "Менің Қазақстаным" (әнұран) әнін алғаш орындаған Жамал Омарова. Қадыр Мырза Әлі Олжас Сүлейменовтың шығармаларын қазақшаға аударды. Е.Бекмаханов қазақ тарихында докторлықты екі рет қорғаған, ал М.Серғалиев үш рет қорғаған. Ә.Қасенов тіл білімінен докторлықты екі рет қорғаған. Р.Нұрғали әдебиеттен докторлықты екі рет қорғаған (біріншісін 25 жасында). 1918 жылы Торғайда "Қазақ" газетінің орнына "Қазақ мұңы", 1920 жылы "Жаңа өріс" деген атпен шықты. 1923 жылы Нәзір Төреқұл Мәскеуде "Темірқазық" журналын шығарды. Ол 1933 жылдан Сауд Арабияда елші болған. 1921 жылдың 1 мамырынан 1922 жылдың 15 мамырына дейін "Кедей еркі" газеті шықты. Редакторы - Қалдыбай Абдуллин. 1922 жылдың 18 тамызынан "Кедей еркі" газеті "Тілші" деген атпен шыға бастады. Редакторлары - Сәдуақас Оспанов, Сара Есова. 1921 жылы қазанда "Қызыл Қазақстан" журналы шықты. 5 редакторы болған дейді ғалымдар. Ол қазіргі "Ақиқат" журналы. Редакторы - Әбдірахман Асылбек. 1925 жылы тамыздан "Жаңа мектеп" журналы шықты, 1929 жылы "Қазақстан мектебі" атымен шыға бастады. Шығарушылар - Молдағали Жолдыбаев, Нұғман Манаев. 1907 жылы Петерборда тұңғыш рет қазақ тілінде "Серке" газеті шықты. Редакторы - М.Дулатов. "Оян, Қазақты" Қазақстанға таратқан Жұмағали Тілеулин. Жақып Ақбаев - Қазақтың тұңғыш заң магистрі. 1924 жылы 24 желтоқсанда М.Жұмабаев Мәскеуде "Алқа" әдеби ұжымның бағдарламасын жасап, 1925 жылдың басында ұйым ретінде құрылды.  Қосымша авторлары: Аманғали Сегізбаев, Жәкен Сәрсембин. 1926 жылы 13 қаңтарда тұңғыш ұлт театры ашылды. Басшысы - Жұмат Шанин. 1926 жылы Қызылордада С.Сәдуақасовтың "Ұлт театры" атты кітабы шықты. 1921 жылы Ташкентте Қазақ Ағарту Институты ашылды. Бағыбек Құндақбаев - Қазақ театры тарихының негізін салушы. 1915 жылы Семейде "Біржан сал" қойылымы қойылды. Режиссері - Ж. Аймауытов. Осы қойылым тұңғыш қазақ театрының шымылдығын ашты. "Алаш" автономиясының әнұранын жазғандар - М.Дулатов, С.Торайғыров. Сағат Әшімбаев - 1986 жылы "Желтоқсан" оқиғасын камераға түсіріп алған кісі. "Жүз жыл жырлаған жүрек" (Жамбыл Жабаев туралы) - Мырзатай Жолдасбеков. "Абылай хан" операсын жазған композитор Еркеғали Рахмадиев, сөзін жазған Әбіш Кекілбаев. Сорорат - Балдыз алу Жанұзақ Қасымбаев - Астана қаласының тарихын зерттеген. Салық Зиманов - Қазақстанның Тәуелсіздік Декларациясының авторы. "Түркістанда туған ойлар", "Қазақ қалай орыстандырылды?" кітаптарының авторы - Мекемтас Мырзахметов. Тұрсынбек Кәкішев - "Сакентану" ғылымының негізін қалаушы. Смағұл Сәдуақасов 26 жасында Білім Министрі болған. Ұлттық теңгенің дизайнын жасағандар: Тимур Сүлейменов, Мендібай Әлім, Хайролла Ғабжалел, Ағымсал Түзелханов. Ғалым Ахметов - "Алаш алаш болғанда". 1890 жылдан бастап Мәскеудің "Молодая Гвардия" баспасынан ұлы адамдар өмірбаянының сериясы шығып келеді. Сонда қазақтың 9 тұлғасының өмірбаяны шыққан.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: e-history.kz