Қазақстан тарихынан қосымша деректер

Қазақстан тарихынан қосымша деректер

Тарихты қанша оқып, ізденсек те біз білмейтін қаншама қызық бар. Бүгінде оқушылар мен талапкерлер ҰБТ-ға қызу дайындық үстінде. Мына тарихи деректер ұлттық тестілеуде көп кездеспесе де, қажет ақпарат деп біліп, сіздерге ұсынуды жөн көрдік.

  • Ежелгі Отырар кітапханасында 500 000 қолжазба қоры болған. Ол әлемдегі Александрия кітапханасынан (700 000 қолжазба) кейінгі екінші орында.
  • Пугачев өзін "III Петр" деп атаған.
  • Иван Грозный Ермакты Сібірді бағындыру мақсатында жіберген.
  • Қаратау қорығы 2004 жылы ашылған.
  • Медеу мұз айдыны 1971 жылы қолдануға берілді.
  • КСРО-да атом бомбасын Курчатов тобы ойлап тапты.
  • Әбу Али ибн Сина - әлемнің үшінші ұстазы.
  • Семей бұрын "Жетішатыр" деп аталған.
  • Ленинград 900 күн қоршауда болған.
  • Сталинградты алу кезінде неміс штабын Генерал Паулиус басқарды.
  • Фирдаусидің шын есімі - Әбілқасым.
  • Мұхтар Әуезов - қазақтың тұңғыш филология ғылымдарының докторы.
  • Қазақтың тұңғыш профессоры - Құдайберген Жұбанов.
  • "Самұрық" ұлттық қоры 2006 жылы құрылды.
  • Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған (халық жыры).
  • Сақ ғұламасы Анарыс (Анахарсис) б.з.б. 620-555 жылдар аралығында өмір сүрген.
  • Қара теңіздің бойындағы скифтер сақтардың кемер тайпасының ұрпақтары.
  • Сақтардың тиграхауда, парадария және хаомаварга болып үшке бөлінгені туралы парсылардың Ахамендік сына жазуында таңбаланған.
  • Алтын адамның бас киіміндегі 4 найза 4 бағытты (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік) білдіреді.
  • Қазақстан Қысқы Азия ойындарында 32 алтын иемденіп, біріншілікті бағындырды.
  • Қой - оғыздардың тотемі.
  • Рафаель Санти Аттилланың жорықтарын суреттеген Еуропадағы жалғыз суретші.
  • Батыс ғұндардың жалауының түсі сары болған.
  • Катапультаны ғұндар Аспан асты елін бағындырар кезде ойлап тапқан.
  • Түркілердің ежелгі өрбіген атамекен жері Алтай болған.
  • Қажы Тархан - Астраханның ежелгі атауы.
  • Түркі руна жазуы Қазақстанның Тараз қаласынан табылды.
  • М.Қашқари мен Ж.Баласағұнның бірге тұрған ескерткіші Бішкек қаласында қойылған.
  • Абд ул-Әзиз ибн Шараф Әд-Дин - Тайқазанды құйған кісі.
  • Есім ханды "Еңсегей бойлы ер Есім" деп Қазанғап атаған.
  • "Амангелді" фильмінің сценарийін Ғабит Мүсірепов жазған.
  • Шығай хан Бұқараның Құмышкент деген жерінде жерленген.


  • Үш бәйтерек:
  1. С.Сейфуллин 
  2. И.Жансүгіров
  3. Б.Майлин
  • Алыптар тобы:
  1. М.Әуезов 
  2. С.Мұқанов
  3. Ғ.Мүсірепов
  4. Ғ.Мұстафин
  • Бес Арыс: 
  1. М.Жұмабаев 
  2. Ж.Аймауытов
  3. М.Дұлатов
  4. А.Байтұрсынов 
  5. Ш.Құдайбердіұлы
  • Қазақтың тұңғыш алты академигі: 
  1. Қ.Сәтбаев
  2. М.Әуезов
  3. Ә.Марғұлан 
  4. Т.Тәжібаев 
  5. І.Кеңесбаев 
  6. Ә.Бектұров
  • Ернес Төрехан "Аттила" кітабының авторы.
  • Қаржаубай Сартқожаұлы "Орхон жазбалары" еңбегінің авторы.
  • Қойшығара Салдарұлы "Көне түркіжазбалары" атты монографиясының авторы.
  • "Құтты Білік" (1069 жылы) пен "Диуани Лұғат ат-Түрк" (1074 жылы) шығармаларын қазақшаға аударған Асқар Егеубаев.
  • Құлмат Өміралиев оғыздардың тілі мен эпосын зерттеген.
  • Сұлтан Бейбарыс Дамаскінің әз-Захария кітапханасының жанында жерленген.
  • Тұрсын Жұртбай "Дулыға", "Талқы" мен "Ұраным Алаш" еңбектерінің авторы.
  • Мурат Аджи қыпшақ тарихын арнайы зерттеуші ғалым.
  • Болат Көмеков - "Қыпшақтану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
  • Лев Гумилев - Батыс Түрік қағанатын арнайы зерттеген шығыстанушы ғалым.
  • Әлкей Марғұлан мен Кемел Ақышев - үйсіндер тарихын толық зерттеушілер.
  • Әлкей Марғұлан "Ежелгі жыр-аңыздар" атты монографиясында ғұндардың эпосын зерттейді.
  • Қойшығара Салғарин "Таным танмақтар" еңбегінде ғұндар туралы деректер береді.
  • Әуелбек Қоңыратбаев 1986 жылы "Қорқыт ата" кітабын қазақшаға аударды.
  • Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы 1978 жылы құрылған.
  • 1910 жылы 31 желтоқсанда ҚР Ұлттық Кітапханасы ашылды.
  • А.Машани - "Әл-Фарабитану" ғылымының негізін салушы.
  • А.Югнекидің "Ақиқат сыйы" еңбегін Е.Құрысжанов қазақша сөйлетті.
  • Әл-Хорезмидің "Мухаббатнамесін" Алма Қыраубаева зерттеген.
  • Н.Далбай және Қ.Жарылғапов - 2009 жылы 22 қарашада ашылған Астанадағы Қазақ елі монументінің авторлары.
  • М.Тынышбаев "Ақтабан Шұбырындыны" ғылыми айналымға енгізді.
  • Ислам Жеменей "Тарихи-Рашиди" еңбегін қазақшаға аударды.
  • Ғани Мұратбаев тұңғыш КСРО-ның комсомол сыйлығын алған қазақ.
  • Олжас Сүлейменов тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алған қазақ. Шығармалары: Азия (1975 жылы), Адамға табын, Жер, енді (1961 жылы), Таңбалар тілі (2005 жылы). Ең алғашқы шығармасы - Арғымақ.
  • "Қазақ әдебиеті" газетінің алғашқы саны 1934 жылы 10 қаңтарда шықты. Бас редакторы - Ғабит Мүсірепов.
  • 1928 жылы ақпанда қазіргі "Жұлдыз" журналы жарық көрді. Бас редакторы - Сәкен Сейфуллин.
  • Сасбұқа - Жеті Жарғыны жасауға қатысқан қырғыз биі.
  • Березин - "Түркі хрестоматиясы" (1876 жылы)
  • Ы.Алтынсарин - "Қазақ хрестоматиясы" (1879 жылы)
  • Радлов - "Қырғыз хрестоматиясы" (1883 жылы)
  • Шоңби  Едігеұлы - қарадан шыққан тұңғыш аға сұлтан.
  • Бұқар жырау алты алашқа қазақ, ноғай, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, татарды жатқызады.
  • Жоңғарлар 4 тайпадан тұрды: қошут, дүрбіт, шорос, торғауыт.
  • Кенесары хан туралы жазылған тарихи романдар:
  1. М.Әуезов "Хан Кене" (1928 жылы), 1934 жылы сахналанды.
  2. Қ.Бекхожин "Науан батыр"
  3. Қ.Аманжолов "Көкшетау"
  4. Н.Ахметбеков "Жасауыл қырған"
  5. М.Сералин "Топ жарған"
  • "Менің Қазақстаным" (әнұран) әнін алғаш орындаған Жамал Омарова.
  • Қадыр Мырза Әлі Олжас Сүлейменовтың шығармаларын қазақшаға аударды.
  • Е.Бекмаханов қазақ тарихында докторлықты екі рет қорғаған, ал М.Серғалиев үш рет қорғаған.
  • Ә.Қасенов тіл білімінен докторлықты екі рет қорғаған.
  • Р.Нұрғали әдебиеттен докторлықты екі рет қорғаған (біріншісін 25 жасында).
  • 1918 жылы Торғайда "Қазақ" газетінің орнына "Қазақ мұңы", 1920 жылы "Жаңа өріс" деген атпен шықты.
  • 1923 жылы Нәзір Төреқұл Мәскеуде "Темірқазық" журналын шығарды. Ол 1933 жылдан Сауд Арабияда елші болған.
  • 1921 жылдың 1 мамырынан 1922 жылдың 15 мамырына дейін "Кедей еркі" газеті шықты. Редакторы - Қалдыбай Абдуллин.
  • 1922 жылдың 18 тамызынан "Кедей еркі" газеті "Тілші" деген атпен шыға бастады. Редакторлары - Сәдуақас Оспанов, Сара Есова.
  • 1921 жылы қазанда "Қызыл Қазақстан" журналы шықты. 5 редакторы болған дейді ғалымдар. Ол қазіргі "Ақиқат" журналы. Редакторы - Әбдірахман Асылбек.
  • 1925 жылы тамыздан "Жаңа мектеп" журналы шықты, 1929 жылы "Қазақстан мектебі" атымен шыға бастады. Шығарушылар - Молдағали Жолдыбаев, Нұғман Манаев.
  • 1907 жылы Петерборда тұңғыш рет қазақ тілінде "Серке" газеті шықты. Редакторы - М.Дулатов.
  • "Оян, Қазақты" Қазақстанға таратқан Жұмағали Тілеулин.
  • Жақып Ақбаев - Қазақтың тұңғыш заң магистрі.
  • 1924 жылы 24 желтоқсанда М.Жұмабаев Мәскеуде "Алқа" әдеби ұжымның бағдарламасын жасап, 1925 жылдың басында ұйым ретінде құрылды.  Қосымша авторлары: Аманғали Сегізбаев, Жәкен Сәрсембин.
  • 1926 жылы 13 қаңтарда тұңғыш ұлт театры ашылды. Басшысы - Жұмат Шанин.
  • 1926 жылы Қызылордада С.Сәдуақасовтың "Ұлт театры" атты кітабы шықты.
  • 1921 жылы Ташкентте Қазақ Ағарту Институты ашылды.
  • Бағыбек Құндақбаев - Қазақ театры тарихының негізін салушы.
  • 1915 жылы Семейде "Біржан сал" қойылымы қойылды. Режиссері - Ж. Аймауытов. Осы қойылым тұңғыш қазақ театрының шымылдығын ашты.
  • "Алаш" автономиясының әнұранын жазғандар - М.Дулатов, С.Торайғыров.
  • Сағат Әшімбаев - 1986 жылы "Желтоқсан" оқиғасын камераға түсіріп алған кісі.
  • "Жүз жыл жырлаған жүрек" (Жамбыл Жабаев туралы) - Мырзатай Жолдасбеков.
  • "Абылай хан" операсын жазған композитор Еркеғали Рахмадиев, сөзін жазған Әбіш Кекілбаев.
  • Сорорат - Балдыз алу
  • Жанұзақ Қасымбаев - Астана қаласының тарихын зерттеген.
  • Салық Зиманов - Қазақстанның Тәуелсіздік Декларациясының авторы.
  • "Түркістанда туған ойлар", "Қазақ қалай орыстандырылды?" кітаптарының авторы - Мекемтас Мырзахметов.
  • Тұрсынбек Кәкішев - "Сакентану" ғылымының негізін қалаушы.
  • Смағұл Сәдуақасов 26 жасында Білім Министрі болған.
  • Ұлттық теңгенің дизайнын жасағандар: Тимур Сүлейменов, Мендібай Әлім, Хайролла Ғабжалел, Ағымсал Түзелханов.
  • Ғалым Ахметов - "Алаш алаш болғанда".
  • 1890 жылдан бастап Мәскеудің "Молодая Гвардия" баспасынан ұлы адамдар өмірбаянының сериясы шығып келеді. Сонда қазақтың 9 тұлғасының өмірбаяны шыққан.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: e-history.kz

Ж. Өрісбай