Қазақстан кеңес заманының білім беру жүйесінен арылмақ

Қазақстан кеңес заманының білім беру жүйесінен арылмақ

2020 жылға дейін қазақстандық білім беру жүйесінде бес балдық бағалаудан бас тарту көзделіп отыр. 

"Біз бес балдық бағалау жүйесін дәстүрлі түрде қолданып келеміз. Бұл жүйе бізде қалыптасып қалды. Көптеген шетелдік мектептерде, әсіресе Назарбаев мектептерінде эскперимент түрінде бес балмен емес, 10 немесе 12 балдық жүйе бойынша бағаланатын аумақтық бағалау жүйесі қолданылады. Бірте-бірте 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысқаннан соң, менің ойымша, біз бес балдық жүйеден аумақтық бағалау жүйесіне көшеміз", - дейді Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков. 

Вице-министрдің айтуынша, аталған жүйе оқушылардың білімін әділ бағалауға септігін тигізеді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мақсатында ағымдағы жылдан бастап, Қазақстанның әрбір оқу орнында Е-learning бағдарламасы енгізілмек. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: blogs.privet.ru 

Ж. FM