Қазақша Уикипедияның оқырмандары 8 миллионға жетті

Қазақша Уикипедияның оқырмандары  8 миллионға жетті

Қазақша Уикипедиядағы мақалалардың саны 200 мыңнан асып түсті. Дәл осындай көрсеткішпен отандық онлайн энциклопедия әлемнің басқа да Уикипедияларының ішінде 25-орынға тұрақтады.

«Қазақша Уикипедия» жобасы 2011 жылы маусым айында басталған болатын. Сол кездегі қазақ тілді энциклопедияның оқырмандар саны жеті мыңдай ғана болған. Жарты жылдың ішінде онлайн энциклопедияны көрушілердің саны 20 пайызға өсіп, бүгінде «Қазақша Уикипедияның» оқырмандары 8 миллионға жетті.

Iport.kz басылымының хабарлауынша, «Қазақша Уикипедияның» оқырмандарының күрт көбею себебі, Қазақстанның әр аймағы интернет желісі толығымен жеткен. Сонымен қатар «Қазақша Уикипедиядағы» материалдардың санының да өсу деп болжайды.

Айта кетейік, 2011 жылдан бері интернет желісіне шыққан «Қазақша Уикипедия» жобасын «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландырып келеді. Былтыр бұл қор Уикипедияның жұмысына 30 миллион теңге (200 мың доллар) көлемінде қаржылай қолдау көрсеткен. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: kurs.kz

Ю. НИКУЛЛИН