- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Қазақ мақал-мәтелдері ағылшын...
Қазақ мақал-мәтелдері ағылшын тілінде
Көп білгеннің еш зияны жоқ. Себебі, білім - ешкім ұрлап ала алмайтын асыл қазына. Назарларыңызға қазақ мақал-мәтелдерінің ағылшын тіліндегі аудармасын ұсынамыз.
Never say die - Салың суға кетпесін
Business before pleasure - Бейнет түбі - зейнет
A man can die but once - Ер жігітке екі өлмек жоқ
Live and learn – Оқы, оқы және оқы
Eeast or west,Home is best - Өз үйім өлең төсегім
Better late than never - Ештен кеш жақсы
Neck or nothing - Шешінген судан тайынбас
There is no royal road to learning - Оқу инемен құдық қазғандай
No grass grows on his heel - Еңбекпен ер көгерер
Experience is the mother of wisdom - Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра
Good health is above wealth - Денсаулық - зор байлық
He who laughs at crooked man should walk very straight - Күлме досқа, келер басқа
No gain without pain - Бейнетсіз зейнет жоқ
Patience is a virtue - Сабыр түбі - сары алтын
Practice makes perfect - Көш жүре түзеледі
Promise is a debt - Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені
Look before you leap - Жеті рет өлшеп, бір рет кес
Let sleeping dogs lie - Жатқан жыланның құйрығын баспа
Many words hurt more than swords - Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді
Seeing is believing - Естігенге емес, көргенге сен
Nothing venture, nothing have - Әрекет болмай, берекет болмас
Never put off till tomorrow what you can do today - Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма
One man does not make a team - Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас
Where there is a will there is way - Іздеген мұратына жетеді
All is not gold that glitters - Жылтырағанның бәрі алтын емес
All bread is not baked in one oven - Бес саусақ бірдей емес
Good beginning makes good ending - Істің басы байлы болса аяғы сайлы болады
Better be born lucky than rich - Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер
Clother make the man - Адамның көркі - шүберек
Custom is second nature - Ауру қалса да, әдет қалмайды
Cut your coat according to your cloth - Көрпеңе қарай көсіл
Curses like chickens come home to roost - Біреуге ор қазба, өзің түсерсің
There is reason in all thing - Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды
Strike while the iron is hot - Темірді қызған кезде соқ