Қай елдің адамдары эмоцияға көп беріледі?

Қай елдің адамдары эмоцияға көп беріледі?

Қай елдің адамдары эмоцияға көп беріледі? Таяуда Гэллап институты  осы сұрақтың төңірегінде зерттеу жасап көрді.

Айта кететін болсақ, 2009 бен 2012 жылдары өткізілген сынаққа 150-ден аса ел қатысқан. Әр елдің 15 жастан асатын адамдары бір күн бойына белгілі бір эмоциялық көңіл-күйде қаншалықты болатынын, болмайтынын айтқан.

Бір айтары, сауалнамаға жағымды (жақсы демалыс сезімі, күлкі мен жымиыс, өзгелердің саған құрметпен қарауы, қанағатттанушылық, жаңа ғылымды игеру мен өзгеше қызық дүниемен танысу) және жағымсыз эмоциялар (ашу, шаршау, мұң, физикалық ауырсыну, мазасыздану) кірген.

Сонымен, ең әсершіл халық филиппиндер болып шықты. Бұл елден сауалнамаға қатысқан адамдардың 60 пайызы бір күннің өзінде біршама эмоциялық көңіл-күйлерді бастарынан өткеріп тұрады екен. Ал екінші орыннан Сальвадор көрінсе, үздік үштікті Бахрейн қорытындылайды. Тізімнің одан кейінгі сатыларына Оман, Колумбия, Чили мен Кости Рика секілді мемлекеттер жайғасқан.

Эмоциялық белсенділігі төмен 10 ел:

Сингапур: 36 (пайыз)

Грузия: 37

Литва: 37

Ресей: 38

Мадагаскар: 38

Украина: 38

Белорусь: 38

Қазақстан: 38

Непал: 38

Қырғызстан: 38

 

Эмоциялық белсенділігі жоғары 15 ел:

Филиппин: 60 (пайыз)

Сальвадор: 57

Бахрейн: 56

Оман: 55

Колумбия: 55

Чили: 54

Коста-Рика: 54

Канада: 54

Гватемала: 54

Боливия: 54

Эквадор: 54

Доминикан Республикасы: 54

Перу: 54

Никарагуа: 54

АҚШ: 54

Зерттеудің тағы бір бөлігінде жағымды, жағымсыз эмоциялардың жеке сұрыптауы болған. Анықталғаны, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың тұрғындары көбіне жағымсыз эмоцияны бастан кешетін болса, Оңтүстік Америка секілді мемлекеттің жұртшылығы, керісінше, өте көтеріңкі көңіл-күйде жүретін болып шықты.

сурет:vk.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига