Қарым-қатынасты жақсарту үшін

Қарым-қатынасты жақсарту үшін

Алғыс айтыңыз...

Сізбен әңгімелесуге өз уақытын бөліп отырған адамға алдымен алғыс айтып қойыңыз. Өйткені, өзіңіз де білетіндей, уақыт деген адам қолындағы жалғыз ғана қымбат дүние. Және оған асқан ұқыптылық пен құрмет керек. Сәл де болса өмірге, сіз өмір сүріп жатқан қоғамға пайда келтіріп жүрген болса, өз кезегінде қошемет пен ризашылыңызды жаудыра кетіңіз. Ең бастысы, орынды мадақ-мақтау пен қолпаштаулар қарым-қатынастың жақсы жолға қойылуына мұрындық болады.

Қарым-қатынас орнатыңыз...

Өз мүмкіндік-хадеріңізше ара қатынасты жақсартуға тырысыңыз. Ол үшін екі ортада қызығушылық тудыратын тақырыптарға таңдау жасаңыз. Мәселен, кез келген адамды сөйлесуге итермелейтін тақырыптар болады: спорт, хобби, балалар және т.б. Ұмытпай тұрғанда айта кетейік, дін мен саясатқа қатысты тақырыптарды айтуда мейлінше сақ болуға тырысыңыз. Сіздің алдағы қарым-қатынасыңыз алғашқы әңгімелерден-ақ біліне бастайды.

Әңгімелесуші адамның көзіне тік қарай берсеңіз, ыңғайсыздануы мүмкін. Және бет-аузыңызды ұстап тұрып сөйлессеңіз, өтірік айтып жатыр деп ойлап қалуы кәдік. 

Қайта сұрау нәтижесінде...

Ортақ тіл тапқаныңызға көз жеткізіңіз. Күнделікті өмірде адамдар ортақ тіл таптық деп шалағайлыққа барып жатады. Нәтижесінде екі жақтың араздасып тынуымен аяқталады. Сондықтан сіз оны түсінген есепті сұрақтарды қайта қойып, әңгіме арасында алмасқан ақпараттарды қайта сұрастырыңыз. Ғылым дәлелдегендей, ол сіздің сұхбат барысында мұқият болғаныңызға көз жеткізіп, әр сөзінің желге ұшпағанына мәз болып, іштей болса да қуанып қалады. 

Мақсатқа қол жеткізу керек...

Әңгімеге кіріспес бұрын қол жеткізгелі тұрған мақсатыңызды айқындап алыңыз. Сонда барып әңгімеңіз белгілі мақсат арқылы өрбіп отыратын болады. Сіз неге қол жеткізгіңіз келеді? Көмек көрсеткіңіз келе ме, әлде бір жобаның аясында қызмет жасағыларыңыз келе ме? Әйтпесе, ақыл айтуға бекіндіңіз бе, өмірін дұрыс жолға қойғыңыз келді ме? Сіз қалаған мақсат әңгіменің қай тұрғыда өрбитініне септік болады.

Жақсы көңіл-күйді сақтаңыз...

Жақсы көңіл-күйдің сақталуы әңгіменің жақсы бағытта өрбуіне септеседі. Көңіл толмаушылық пен қарсы шығудан артық "байлық" таппассыз. Үнемі жақсылық ойлап, кескін-келбетіңіз нұрлы болып жүрсін. 

Жаргон қоспаңыз...

Екінші жақтың мазасы жоқ болып тұрса немесе бір нәрсеге алаң болып тұрса, ондай жағдайда әңгімені тез доғаруға тырысыңыз.

Бір айта кетерлігі, әңгіме барысында артық-ауыс жаргондардың қашу керек. Ең бастысы, кез келген әңгімеден өміріңізге сабақ алыңыз

сурет:free-psycho.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига