Бүгінгі мақалада дорамалардан жиі естуге болатын, кәріс тіліндегі ең танымал сөздер топтамасын ұсынамыз.
안녕하세요 [анньён-хасэйо]
Сәлеметсіз бе?
Кез келген жағдайда әрі адамға қолданатын амандасу түрі. Жақын достар арасында оны қысқартып «안녕» деп те айтып жатады. Бұл қазақша жай ғана “сәлем” дегенді білдіреді.
사랑해 [саран-хэ]
Мен сені сүйемін
Амандасудан кейін бұл сөзді айтпасаңыз да, сезіміңізді білдіру үшін керек болады. Әсіресе, болашақта сүйікті "оппа" немесе "онниді" кездесстіріп жатсаңыз, қуана-қуана айта беріңіз.
가지마 [каджи-ма]
Кетпе!
Егер қасыңыздағы адам ренжіп қалып, бұрылып бара жатса осы сөз арқылы тоқтатуға болады. Осылайша өзіңіздің ойыңызды ашық айтып, түсіндіре аласыз.
좋아해 [чоахэ] немесе 좋아해요 [чоахэйо]
Мен сені жақсы көремін
"Сүйемін" деуге дайын болмасаңыз, онда мына сөздерді пайдалансаңыз болады. Бірінші нұсқаны өзіңіз қатарлы, жақсы танитын адамға айта аласыз. Ал екінші нұсқаны жасы үлкен адамға қолданады.
배고파? [пэгопха?]
Тамақ ішесің ба?
Адамға алаңдағаныңды, оны ойлайтыныңды білу үшін осы сөзде қолдануға болады. Осылайша бірге тамақтануға дайын екеніңізді де көрсетуге болады.
행복해 [хэнбокхэ]
Бақыттымын!
Ең жақсы эмоциялардың бірін көрсету үшін осы сөзді пайдаланыңыз.
보고싶어 [пого-щипо]
Сені сағындым.
Құрбыңыз, сүйіктіңіздің көптен бері көрмеген болсаңыз, сағынышыңызды осылай-ақ жеткізе аласыз.
잘자 [чаль-чжа]
Қайырлы түн!
Кез келген адамға жақсы ұйықтап, жайлы жатуды тілеу үшін осы сөзді жаттап алыңыз.
미안해 [Миан-хэ]
Кешір…
Кешірім сұрау керек кезде осы сөз есіңізде болсын. Сыпайы түрде 미안해요 [миан-хэ-йо] деп қолдануға болады. Оны әдетте көшеде біреуді байқаусызда қағып кеткенде, таныс емес адамның алдында айыпты жағдайда болған кезде пайдаланыңыз.
가자 [Ка-чжа]
Кеттік!
Бәрінен шаршадыңыз ба? Онда 가자! Достар арасында жиі қолданады.
정말? [чин-джа?]
Шын ба?
Дорамалардағы ең танымал тіркестің бірі. Оны әдетте таңқалған кезде айтады.